«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысының Іскер әйелдер кеңесі жыл қорытындысын жасады

2019 жылғы 26 Желтоқсан
- Жамбыл облысы
3857 просмотров

Бизнес ханымдар Кеңес қызметінің қорытындысын талқылап, келешекке бағдар жасады. Жиын барысында ең белсенді қыз-келіншектер Алғыс хаттарын алып, «Іскер әйелдер кеңесі» логотипі бар арнайы сыйлықтарды алды

 Іс-шараны Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшолақова ашты, Кеңес мүшелерінен бөлек, кездесуге аудандық төрағалар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және Жамбыл облысы ӨКП директоры шақырылды.

 Биыл Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері республикалық, облыстық және халықаралық деңгейде 60-тан астам іс-шараны өткізіп, қатысты.

 «Биылғы жылдың ең айтулы оқиғалары – «Істегі тәжірибе» жобасы – табысты кәсіпкерлер мен бастауыш кәсіпкерлер арасындағы менторлық, «Бақытты отбасы» жобасы –  көп балалы аналарды жұмысқа орналастыру, көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы талантты балаларға көмек көрсету, олардың дарынын дамытуға қосымша тегін оқыту, сонымен қатар ютуб каналында «Табыс тағылымы» жобасын іске қосу, «Бизнес по-женски» күнтізбесін іске қосу, әйелдер кәсіпкерлігін насихаттау, Жамбыл облысында «Бизнес леди Казахстан» байқауын ұйымдастыру, Дубайда өткен әйелдердің халықаралық байқауына, «Women in business Almaty» форумына қатысу», – деді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшалова.

 Кеңестің атсалысуымен Тігін және жеңіл өнеркәсібінің қауымдастығы және Рестораторлар және отельерлер қауымдастығы құрылды.

 Бұдан бөлек Кеңес мүшелері қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінде дәріс оқуға белсенді қатысып, ауыл әйелдеріне арналған семинар-тренингтер мен кәсіпкерлерге арналған шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.

 Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов әйелдер қауымын келе жатқан мерекемен құттықтап, олардың атқарған еңбектері үшін алғысын білдірді, «Атамекен» бизнес-жобаларды қолдауға, түрлі мәселелерді шешуге дайын екенін айтты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер