«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

IT-сала бойынша дағдарысқа қарсы шараларды күшейту мақсатында кеңейтілген кеңес өтеді

2020 жылғы 06 Сәуір
12787 просмотров

2020 жылғы 7 сәуірде, сағат 12.00-де алғаш рет онлайн режимінде төтенше жағдайлар кезіндегі  ІТ саласы бойынша дағдарысқа қарсы шараларды одан әрі дамыту мақсатында кеңейтілген отырыс өтеді.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты ақпараттық технологиялар нарығы қашықтағы жұмыс орындарының қол жетімді болуына, онлайн режимінде мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тұрақтылығына, сонымен қатар халық пен бизнеске басқа да электронды қызмет түрлерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Алайда, дағдарыс нәтижесінде (АҚШ долларының бағамының өсуіне байланысты) ақпараттық технологиялар индустриясының дамуы, экономиканың басқа салалары сияқты, бірнеше жылға кешеуілдеп қалуы мүмкін. Жоспарланған басқосу осындай өзекті мәселелерді қамтиды. 

Отырысқа «Атамекен» ҰКП Президиумының АКТ комитетінің төрағасы Болат Башеев, «Chocofamily Holding» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Рамиль Мухоряпов, Silkway Ventures Group құрылтайшысы және бас директоры Алексей Сидоров, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев және өзге де сала мамандары қатысады.

Іс-шараның модераторы, ТАЛАП қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, Ұлттық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі Рахым Ошақбаев.

Егер сіз пікірталасқа қонақ ретінде қатысқыңыз келсе, компьютеріңізге Microsoft Teams бағдарламасын орнатыңыз немесе қосымшаны жүктеместен браузерде қосымшаны ашыңыз. Жиналысқа қосылу үшін және толығырақ нұсқаулар алу үшін QazKenes.kz платформасында тіркелуіңіз керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер