«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тимур Құлыбаев өңірлік кеңестер мүшелерімен кездесулер өткізеді

14 Қыркүйек 2020
904 просмотров

15, 16, 17 және 18 қыркүйекте онлайн режимде «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП ТөралқаТөрағасы Тимур Құлыбаевтың өңірлік кеңестер мен кездесулері өтеді.

Кәсіпкерлер палаталары өңірлік кеңестерінің құрамы өткен тікелей сайлаудан кейін жаңартылды. Бұл жаңадан сайланған Өңірлік кеңес мүшелерімен алғашқы кездесу боламақ. Олар Төралқа төрағасымен аймақтардағы экономиканың түрлі салаларының мәселелерімен бөліседі.

Бірінші күні Ақмола, ШҚО, СҚО, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының өкілдерімен кездесулер өтеді. 16 қыркүйекте еліміздің батыс өңірлері - БҚО, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары, үшінші күні - Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары байланыста болады, ал соңғы күні Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының өкілдерімен онлайн-кездесу өтеді.

Кәсіпкерлер экономиканың түрлі секторларындағы проблемаларды атап өтеді. Мәселелердің үлкен блогы карантин мен локдаунның салдарымен байланысты: бизнес үшін қолданыстағы шектеулерден бастап, салық салуға және бизнестің санитарлық нормаларды сақтау жүк темесіне.

Қолдау құралдары бизнес өкілдері үшін өзекті болып табылады. Мәселен, 2020 жылы агроөнер кәсіптік кешен саласындағы дайын даушыұйымдарды салық салу бойынша субсидиялау бағдарламасын іске асыру аяқталады, ал ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап акциз делетін тауарларды (алкоголь, темекі, мұнайөнімдері) тиеу және тасымалдау кезіндеғана емес, сондай-ақ оны өткізукезінде де тауарларға ілеспе жүк құжаттарды ресімдеу бойынша міндет белгіленеді.

Ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер ауылшаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымыналып тастауды, ал машина жасаушылар жерқойнауын пайдаланушылар мен «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ сатыпалу мәселелерін шешуді, сондай-ақ тауар өндірушілерірі саудажелілерінің сөрелерінде отандықөнімдіқ олдауды сұрайды.

Кәсіпкерлер өзекті мәселелермен бірге, оларды шешу жолдарын да ұсынады.


Серіктестер