«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбылда «Бастау Бизнес» аясында әр үшінші жоба қаржыландырылуда

2020 жылғы 17 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
5342 просмотров

Жобаның арқасында үш жылда 14 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде бюджетке салық түсімі шамамен 43,5 млн теңгені құрады

Статистика көрсеткендей, Жамбыл облысында бұл жоба өте жақсы нәтижелерге ие, әр үшінші жоба қаржыландырылуда.

«Өздеріңізге белгілі, аудандарда жұмыссыздық өзекті мәселе болғандықтан,  «Бастау» осы мәселені айтарлықтай шешуге сеп болып, ауыл-аймақ арасында Өңірлік палатаның танымалдылығы артты. 2017-2019 жылдары жобаны іске асыру барысында Жамбыл облысында 7670 адам оқудан өтті, оның ішінде 4926 жоба 9006,2 млн теңге сомасына қаржыландырылды», – деп атап өтті Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес бөлімінің басшысы Дана Ералиева.

Мысалы, Гүлфайруз Рахметованың жобасын атап өтуге болады. Ол – көпбалалы ана, 2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып, жеміс чипсыларын өндіру бойынша өз бизнесін ашты. Ал Назерке Болатқызы 2019 жылы оқыған жас кәсіпкер, өзінің құймақ дүкенін ашты. 2020 жылы коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу atameken.co веб-сайт платформасында онлайн режимде басталды.

2020 жылдың соңына дейін оқыту жоспары 3650 адамды құрайды, бүгінде 2435 адам оқуды аяқтады. 1 246,3 млн теңге сомасына 348 жобаны қаржыландырылды. 490 миллион теңге сомасына 895 жоба грант алды. Тегін грант жеңіп, кәсібін дөңгелетіп отырған жобалардың бірқатарына тоқталып өтсек.

Тазалық бизнесі

Түймекүл Керімбаева – «Бастау Бизнес» жобасының 2 потогында оқып, «Тазалық компаниясы» деп аталатын кәсіпорнын ашты. Кәсіпорын келесі қызметтерді ұсынады: пәтерлерге, кеңселерге, үйлерге, көпқабатты үйлердің подъездеріне тазалық жұмыстарын жүргізу және ремонттан кейінгі тазалық жұмыстарын жүргізу. Грант қаражатына кәсіпорынды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Оның қатарында ауыстырып отыруға ыңғайлы 2, 3 саптамасы (кілем үстіндегі шашты алатын саптама, шаңды алатын саптама, полдағы суды тартып алатын саптама) бар Германияда жасалған шаңсорғышты айтуға болады. Клиенттерді жарнама тақталарына, әлеуметтік желілерге (инстаграм) реклама жіберу арқылы тартып жатыр. Соңғы уақытта  сарафан радиосы арқылы келушілер қатары көбеюде.

Кәсіпорынның қызмет ақысы – әр пәтерден ай сайын 300 тг. Қызмет көрсету мерзімі –1 айда 4 рет, оның біреуі жалпы тазалау, қалған үшеуі күнделікті тазалау. Түймекүл Жақсылыққызының айтуынша, қазіргі таңда кәсіпорында 5 қызметкер жұмыс жасайды. Жұмысшыларды алу мақсатынмен жұмыспен қамту орталығымен келісімшарт жасаған. Қазіргі таңда орта есеппен айлық таза табыс 300 мыңды құрайды. 

Грант жеңіп, массаж кабинетін ашу

Нұрайым Жексенбаева – «Бастау Бизнес» сертификатының иегері. Жасы 45-те, қазірде 2 ұл, 1 қызды тәрбиелеп отыр. Грант жеңіп, ашқан кәсібі – массаж жасау кабинеті.

Массаж адамдарға жасына, денсаулықтарына байланысты жасалады. Массаждың мына түрлері ұсынылады: жалпы (общий) массаж, китайск массаж, дәстүрлі Тай массажы, емдік массаж, балалар массажы және т.б. Күніне орта есеппен 5-6 адам қабылдайды. Бағалары қолжетімді: жалпы (общий) массаж 1 сағатқа – 3000 тг, 2 сағатқа – 6000 тг, арқаға – 1500 тг, кедр бөшкесі – 2000 тг, бетке – 2000 тг, бала массажы – 1000 тг-ден жоғары, жасына қарай.

«Массажды бала кезімнен жасаймын, жасап жүргеніме 10 жыл болды. Массаж жасауды Алматыдан, Қытайдан (Үрімші) үйреніп, кәсіби шеберлігімді арттырып келдім. Медициналық білімім бар. Қаңтар айында «Бастау Бизнестен» грант алып, айына 50 мың тг-ге бөлме жалдап, толық жабдықтармен қамтамасыз еттім. Қазір кәсібімді кеңейтіп жатырмын. Болашақта СПА салонын ашуды жоспарлап отырмын. «Бастау Бизнеске» алғысымды білдіремін» - дейді кәсіпкер.

Кешегі химик, бүгін кәсіпкер

Айгерім Абилова «Бастау Бизнестің» түлегі. Жасы 25-те, 3 баласы бар. Негізгі мамандығы – химик-технолог. «Бастау Бизнес» жобасының арқасында өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Тұңғышы дүниеге келгенде массаж жасауды алғаш бастаған. Массажды Алматыда Лариса Орынбасаровнадан үйреніп келген. Кәсіби түрде массаж жасағанына 3 жыл болды.

Қазірде жеке кабинеті бар. Массаждың барлық түрлерін жасайды. Ең күрделі диагноздағы БЦП-да жасалатын массаждан бастап жалпы массаж, балалардың денесін босату мақсатында жасалатын массажға дейін жасай береді. Кривошея, пласкастопия, дисплазия, гипертонус, ТБС, балада анықталатын ұршығы дамымаған сияқты диагноздарға емдік массаждар, ЭФК жаттығуларын жасайды. Қазіргі уақытта клиенттер дисплазияға жасалатын массажға, электрофарезге көп келеді. 

Массажға күніне шамамен 5-6 бала қабылдайды (1 балаға 30 минут). Бағасы 1000 тг-ден жоғары: жай массаж 1000 тг, емдік массаж 1500, 2000 тг-ден басталады. 1 курс массаж 10 күнге созылады. Айгерім Орынбасарқызының айтуынша, жақын арада массаж кабинетіне балалар алаңын қосып, кеңейтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, шет елдің білікті мамандарынан кеңес алып, кәсібін дамытпақшы.

«Бастауды» оқып, дизайнер атанды

Малика Кулахметованың жасы 31-де. Мамандығы - бухгалтерия, одан кейін дизайнер саласын оқыған. 4 баланың анасы.  Көпбалалы ана категориясында «Бастау Бизнес» 3 тобында оқыған. Грант алудағы себебі – сырма шапан, камзолдар тігіп, «Хан шапан» ұлттық брендін шығару. Бұл брендтің ерекшелігі – таза мақтадан сырмалап тігілген этностильдегі  шапан, камзолдар. «Хан шапан» атауы – менің үлкен ұлымның есімі Шерхан, соның «Хан» деген буынынан алынған. Грант қаржысына Жапон өндірісіндегі «Джаноми 505» тігін машинасын алған. Сонымен қатар, цехқа үтік, тоңазытқыш тақтасы, бу үтігі және басқа да заттарды қосымша төлем жасап алған. Ашылып жатқанына  1 жыл болған кәсіпорын өз коллекциясын ұсынып, қолданысқа ерлерге және қыздарға арналған шапандар, камзолдар, қысқа, ұзын күртешелерді шығарып жатыр. Кәсіпорын басшысының айтуынша, дизайн үлгілерін шығару оның сүйікті ісі.

«Сырт киімдер прокатқа берілмейді. Тауар бағасы орташа есеппен 8-9 мыңнан басталады. Матаның ұзындығы, кеткен шығыны, материалы, тігісіне қарай тауардың бағасы жоғарылай береді. Шикізатты Қазақстаннан, Қырғыз елінен, Өзбекстаннан алдыртамын. Қазіргі таңда бөрігі бар шапандар, ХҚКО, түрлі ұйымдарының ұсынысы бойынша ұлттық заманауи стильдегі униформалар тігуді қарастырудамын. Кәсіпорын бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс жасап жатыр. Тапсырысты әлеуметтік желі арқылы қабылдап, курьерлік фирма арқылы 1 аптаның көлемінде үйге дейін жеткізіп береміз. Жауапты, тексерілген курьерлік фирмалармен келісімшарт жасалған», – дейді бизнесвумен.

Облыста «Набока», «Дана Дель» деген халыққа жақсы таныс брендтік компаниялар бар. Кәсіпорынның бұл компаниялармен бәсекелестіктегі басты фишкасы – «сырма». Болашаққа жоспар – қазақ халқын күнделікті киіп жүруге ыңғайлы этностильді киімдермен қамтамасыз ету, «Хан шапан» киімдерін брендке айналдыру.

Сабираның сұлулық кабинеті

24 жасар Сабира Құрмаш – бүгінде жас кәсіпкер, сонымен қоса, 2 баланың анасы. «Бастау Бизнестің» 2 тобында оқып, тырнақ студиясын  ашты. Студиясын толық жиһаздармен, құрал-жабдықпен қамтамасыз еткен. Өз қаражаты есебінен тырнақ саласынан басқа да қызметтерге қажетті жабдықтар алып, қызметтерін ұсынуда. Қазіргі таңда, штат құрамында 1 жұмысшы бар. Жас кәсіпкер жақын арада  жұмысшы санын көбейтуді жоспарлап отыр.

«Бастау бизнес» туралы естігенімде, алғашында сенген жоқпын. Дегенмен де, көзбен көріп, оқуға бел будым. Оқу өте  қызық өтті, келешекте араласатын достар мен әріптестер таптым. Негізгі мамандығым – фельдшер.  Жоғарғы білімім – ғылыми биология. «Бастаудан» соң  дипломдарымды жиыстырып қойып, сұлулық салон бизнесіне көштім.  Қазірде тұрақты клиенттерім бар» – дейді Сабира Құрмаш.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер