«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Палата тауарларды электронды платформаларда сатуға көмектеседі

2020 жылғы 12 Қазан
- Жамбыл облысы
6308 просмотров

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы жүргізген жұмыстардың нәтижесінде облыстың көптеген отандық тауар өндірушілері өз өнімдерін жеткізуге келісімшарттар жасасты және іскери серіктестер тапты

Облыс әкімдігінің кезекті отырысында отандық тауар өндірушілердің өнімдерін электрондық платформаларда сату, электрондық сауда алаңын құру және дамыту мәселесі көтерілді.

Бүгінгі таңда электрондық платформаларды құру және дамыту үлкен қаржылық инвестицияларды қажет етеді. Flip.kz, chocolife.me, arbuz.kz, satu.kz сияқты дайын электрондық сауда платформалары қазірдің өзінде жұмыс істейді, мұнда тауар өндірушілер үшін өз өнімдерін ілгерілетуге үлкен мүмкіндік бар. Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының директоры Самат Қосалиев Палатаның өңірлік тауар өндірушілерді оқытуға және оларды осы электрондық сауда алаңдарына қатысуға тартуға дайын екендігін атап өтті.

 «Кәсіпкерлер палатасы отандық тауар өндірушілердің өнімдерін сатуға және ілгерілетуге көмектесу үшін WhatsApp мессенджерінде «Сауда» чатын құрды, оның құрамына облыстың 200-ден астам отандық тауар өндіруші, ірі сауда желілерінің өкілдері мен дистрибьюторлар кірді. Осы чат аясында отандық тауар өндірушілер өз өнімдерінің қысқаша сипаттамасы (өнімнің атауы, жеткізу көлемі (дана, тонна, литр, т.б.), мекен-жайы және бағасы) бар фотосуреттер мен бейнежазбалар жіберді. Осы бастаманың нәтижесінде көптеген отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін жеткізуге келісімшарттар жасап, іскерлік серіктестер тапты», – деп хабарлады Палата директоры.

Палата осы жағымды тәжірибені ескере отырып, «Telegram» мессенджері негізінде еліміздің барлық аймақтарынан тауар өндірушілерді қосатын «Сауда» чатын құру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл бастама өндірушілерге өз өнімдерін тек облыста ғана емес, бүкіл елде сатуға мүмкіндік береді.

ӨКП директоры «Telegram» мессенджері ыңғайлы функционалдық ерекшеліктеріне байланысты таңдалғанын атап өтті. Мысалы, «Telegram»-да қолданушылар өз өнімдерін жарнамалайтын осындай белсенді топтар жұмыс істейді («Астық вагондары» (2436 қатысушы) – сатып алу; Қазақстандағы ауылшаруашылық өнімдерін сату (астық, майлы дақылдар, ұн) және астық нарығының жаңалықтары; «KZ Мал базар» (14482 қатысушы) – ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу-сату; «Traktor.kz» (1293 қатысушы) – құрал-жабдықтарды сату).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер