«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қарағанды облысынынң кәсіпкерлері компьютер залдары, бильярд және боулинг қызметіне рұқсат беру мәселесін көтерді

2021 жылғы 13 Қаңтар
- Қарағанды облысы
5394 просмотров

 Бейнебайланыс (Zoom)  режимінде Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров, облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Юрий Залыгин және Қарағанды ​​облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов пандемиядан көп зардап шеккен салалардағы кәсіпкерлерімен кездесті

Жиын барысында кәсіпкерлер тыйым салынған кәсіпорындар қызметін жаңартуға қатысты мәселелерді айтты. Қарағанды облысының кәсіпкерлері өңір эпидемиологиялық ахуалдың «жасыл аймағында» болған кезде кейбір кәсіпкерлік нысандардың, соның ішінде компьютерлік клубтардың, сондай-ақ бильярд пен боулингтің қызметін қайта бастауға рұқсат беру туралы мәселені көтерді.

 «Компьютер залдары, бильярд және боулинг – клиентпен қарым-қатынас аз қызмет түрлері. Мысалы, боулинг бір жолақтан тастап жұмыс істей алады, осылайша әрекеттесу болмайды. Сонымен қатар әр ойын сайын құралдарды антисептикпен өңдеуге болады. Ал бильярдқа келетін болсақ,  бильярд үстелі басында 2 немесе ең көп 4 адам кездеседі, оның үстінде оқшауланған бөлмелерде бильярд бар, онда санитарлық талаптарды ұстануға болады. Компьютер залдарында минималды әрекеттесуді қамтамасыз етіп, келушілерді орналастыруға болады», – деді кәсіпкерлер.

Өз кезегінде облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Юрий Залыгин барлық көтерілген мәселелер қаралатынын айтты. Қарағанды ​​облысының Кәсіпкерлер палатасы департаментке бірқатар жарияланған ұсыныстармен, атап айтқанда бизнес үшін карантиндік шараларды әлсірету, атап айтқанда, клиенттермен іс жүзінде байланыс аз жоғарыда аталған салалардың қызметіне рұқсат беру бойынша ресми үндеу жолдайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды ​​облысы COVID-19 таралуы бойынша жасыл аймақта.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер