«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

АӨК бағдарламасы және ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелері Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасында талқыланды

2021 жылғы 10 Ақпан
- Жамбыл облысы
4766 просмотров

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының жанында құрылған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі комитеттің алғашқы отырысы өтті. Онда мал және балық шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланып, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін  дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған бағдарламасына қатысты ұсыныстар айтылды.

      Отырысқа комитеттің төрайымы, «Әулие-Ата» құс фабрикасының басшысы Фарида Джунусова, облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Равиль Тулебаев, агроөнеркәсіп кешені саласындағы бизнес өкілдері, ветеринария саласының қызметкерлері және құқық қорғау саласының өкілдері қатысты.

«Комитетті құрудың мақсаты - агроөнеркәсіп кешені саласындағы түрлі субсидиялардың қағидаларына ұсыныстар енгізу, агроөнеркәсіп кешенін  дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеуге бизнес тарапынан ұсынастар енгізу, кәсіпкерлердің проблемасын Комитет отырыстарында көтеру» - деп атап өтті Фарида Джунусова.

        Күн тәртібінде ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялардың беру тәртібі қаралды: «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен жүзеге асырылатын субсидиялар мен «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен жүзеге асырылатын субсидиялар.

       Өз баяндамасында Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіп кешені бөлімінің басшысы Ермек Ділдәбеков өңірлік Палата тұрақты түрде мемлекеттік бағдарламаларға талдау жасап отырады және оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдауларға талдау жасайтынын атап өтті.

«Талдау нәтижесінде, инвестициялық субсидиялау және мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаудағы бірқатар олқылықтарды көріп отырмыз. Осы мәселелерді, тиісті мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп бүгінгі кеңесте талқылағанды жөн деп санаймыз. Ереженің кемшіл тұстарын есекеріп, Ережеге өзгерістермен толықтыруларды Министрлікке ұсыныспен енгізуді жөн көріп отырмыз. Бірінші мәселені алып қарайтын болсақ, Ережеге сай өтінімдер 20 қаңтардан қабылданады, алайда, Ереженің 5 тармағына сәйкес бюджет Министрлікпен 25 не дейін келісу керек және жергілікті атқарушы орган тарапынан Қаулы жобасы 5 ақпанға дейін бекітілуі тиіс. Бұл ретте, шаруашылықтар өтінімді қалай тапсырады, егер бюджет бекітілмеген және оның тиісті Қаулысы болмаса деген сұрақ туындайды?» - деді Ермек Дәлдібеков.

«Ал, Ереженің 2-ші қосымшасына сәйкес өндірілген өнім бойынша өтінімдерді қарау мерзімі 6 айдан аспауы тиіс, бұр ретте ИАС (информационно аналитическая система) жүйесіне «Резерв» парақшасын қосу қажет деп есептейміз.  Себебі, бүгінгі күннің тәжірибесін алып қарайтын болсақ, өндірілген өнімге (сүт, жұмыртқа) мерзімі 6 айдан соң Кәсіпкерлер тапсырыс бере алмайды. Сонымен қатар, бюджетке қосымша қаржы келіп түскен жағдайда бір күндік мерзімде және кім «Бірінші» деген принциппен қаржыны бөліп алып жатады, бұл мәселе Кәсіпкерлердің наразылығын тудырады. Себебі, ол электрондық жүйенің қашан ашылатынын көптеген Кәсіпкерлер хабарсыз қалып, тиісті субсидияларына қол жеткізе алмайды» - деп олқылықтарды жіпке тізіп берді.

       

        Ал Ереженің 2-ші қосымшасына сай қой шаруашылығында, селекциялық жұмыстарды жүргізуге өтінімдер 1 қыркүйектен бастап қабылданады деп белгіленген. Ал, қойдың күйекке түсетін уақыты қазан айының 10на басталатынын білеміз. Бұл ретте, қой шаруашылығындағы Кәсіпкерлер онсызда аз қаржыдан қалыс қалмас үшін өтінімдерді қыркүйек айында береді және де ол қаржы бір күндік мерзімде таусылады. Бұл Ережедегі олқылықтардың салдарынан Кәсіпкерлер әлі жасамаған жұмыстары үшін тапсырыс беруге мәжбүр. Мәселен сол қыркүйек айына дейін қосылған қошқар болатын болса, желтоқсанның айының аяғында немес қаңтар айының басында төл алу керек емес па, оны кім қарап тексеріп жатыр.

Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев ең алдымен агроөнеркәсіп саласының мәселесін талқылайтын, салмақты ойлар ойлар ортаға с алынатын Комитеттің құрылғанына қолдайтынын жеткізді. Және бұл алаңда ай сайын басқосып, жүйелі сұрақтарды талқылауға ниетті екенін айтты.

Отырысқа қатысқан аудан кәсіпкерлері, ауыл шаруашылығының жанашырлары жеке кәсібіне қатысты сұрақтарын тікелей қоя алды.

       Келесі көтерілген мәселе - «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қолдаудың кемшін тұстары.

     

         Инвестициялық субсидиялауда агроөнеркәсіп кешенінің 34 басымды бағыты бар және ол бағыттарға қаржы Ереженің 5ші тармағына сай әрбір жоба паспорты бойынша, Министрлікпен келісілген және Ауыл шаруашылығы басқармасымен қаржыландыру лимиттері белгіленеді және тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады деп белгіленгенЖамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының бюджетті дұрыс жоспарламауының салдарынан көптеген кәсіпкерлер бүгінде тиісті субсидиясына қол жеткізе алмай отырғаны белгілі. (Мысалға, Жуалы ауданындағы  «LF COMPANY» ЖШС сүт өңдейтін кәсіпорынды іске қосқаны үшін екі жылдан бері 16 миллион теңге көлемінде субсидиясын ала алмай отыр).

«Қорыта келгенде, Комитет отырысы нәтижелі өтті деп санаймыз, пікірталас болды, кәсіпкерлердің сұрақтары тыңдалды және кеңес барысында талқыланған мәселелер хаттамамен бекітіліп,  тиісті органдарға жолданатын болады» - деп түйіндеді комитеттің төрайымы Фарида Джунусова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер