«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысында өңірлік кеңеске кандидаттардан өтінім қабылдау мерзімі 2 сәуірге дейін ұзартылды

2021 жылғы 29 Наурыз
- Жамбыл облысы
4919 просмотров

Кәсіпкерлердің көптеген өтініштері бойынша, сондай-ақ үміткерлерден келіп түсетін өтінімдердің көп болуына байланысты, «Атамекен» ұлттық палатасы Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне сайлау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Кандидатты тіркеу, құжат қабылдау 18 наурыз бен 2 сәуір аралығында өтеді, 6-10 сәуір аралығында үгіт-насихат науқаны жүріп, 12-16 сәуір аралығында онлайн дауыс беру өтеді.

Қазіргі таңда кандидаттардан 40 астам өтінім қабылданды. Сайлауға қатысуға өтінімдердің басым бөлігі Тараз қаласынан, Қордай және Жуалы аудандарын келіп түсті.

Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер қатарынан, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен  өңірлік кәсіпкерлер палаталарында аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

•Қазақстан Республикасының азаматы болу;

•өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;

•кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;

•өңірде жария тұлға болу;

•кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;

•бизнесінің тарихы оң болуы;

•әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;

•облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;

•сотталмаған – Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

қауымдастық (одақ) өзін-өзі реттейтін ұйымның бірінші жетекшісі немесе атқарушы орган мүшесі болу.

Облыстық кеңеске сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 60%-ы облыс орталығынан кәсіпкерлік субъектілері және аккредиттелген қауымдастықтар (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйымдар өкілдерінен, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.

Толық ақпарат www.vote.atameken.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ, сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан немесе  Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының байланыс нөмірі: 8 /7262/ 555 904.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер