«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысы Өңірлік кеңес мүшелігіне байқау – 1 орынға 3 үміткер

2021 жылғы 09 Сәуір
- Жамбыл облысы
7666 просмотров

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңеске кандидаттарға дауыс беру басталғанын хабарлады. Дауыс беру 12 сәуірде басталып, 16 сәуірде аяқталады

Өңірлік кеңеске 28 адам сайлана алады. Тіркелген кандидат саны – 91 адам. Өңірде 10 сәуірге дейін қызу үгіт-насихат науқаны жүргізіледі. Әр ауданнан 4-5 үміткер ұсынылған, мұндай жайт сайлау процедурасының ашықтығын, сондай-ақ бизнес үшін осы бастаманың маңызды екенін көрсетеді.

 «Әр бизнес субъектінің дауысы маңызды, өйткені өңірде бизнестің мүддесіне өкілдік етіп, ең өзекті түйткілді көтеруге дайын азаматтардың кім болатыны кәсіпкерлердің таңдауына байланысты», – деп атап өтті Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Қосалиев.

Палата өкілі  жамбылдық кәсіпкерлерді сайлау науқанына жауаппен қарап, дауыс беруге белсенді қатысып, кандидаттарға қолдау білдіруге шақырды.

Үгіт-насихат науқаны кезінде әр кандидат өңірдегі іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі жеке бағдарлама мен қажетті іс-шаралар ұсынымын дайындады, олармен https://vote.atameken.kz/ru/ веб-сайтынан танысуға болады. Қалаулы кандидатқа ЭЦҚ көмегімен https://vote.atameken.kz/ru/ сайты арқылы дауыс беруге болады.

Сайлауға қатысып жатқан ең жас кандидат 27 жаста, ең үлкен кандидат – 78 жаста, орташа жас ерекшелігі – 49 жасты құрайды. Кандидаттардың 35 пайызы – кәсіпкер әйелдер.

Өңір бизнесі құрылымында 99%-ды шағын кәсіпкерлік алып отырғанын ескерсек, кандидаттардың негізгі үлесі (90%) немесе 82 субъект шағын бизнестің өкілдері. Ірі және орта бизнестен 10 кандидат бар.

Енгізілген шектеулерге байланысты барлық үгіт-насихат іс-шаралары онлайн режимінде немесе БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жүргізіледі. Атап айтқанда кәсіпкерлер – дауыс беруге қатысушылармен кездесулерін бейнеконференция режимінде, әлеуметтік желілерде тікелей байланыс арқылы жүргізеді, сондай-ақ үгіт-насихат және бағдарламалық материалдарды телевизия, баспа басылым және Facebook, Instagram желілері арқылы орналастыру көзделген.

  Өңірлік кеңестер құрамына облыс орталықтары мен аудандардың бизнес субъектілерін біркелкі ұсыну облыс орталығына – 60%,  аудандарға, моноқалаларға және шағын қалаларға – 40% арақатынаста белгіленген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер