«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысында алаяқтар «Бастау Бизнес» жобасының қатысушыларына қомақты соммаға сертификаттар ұсынуда

2021 жылғы 28 Сәуір
- Жамбыл облысы
6312 просмотров

Тараз қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындары емтихандарды тапсыруға, бизнес-жоспар құруға, сондай-ақ «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаны туралы сертификат алуға көмектесе алатын бір компаниядан месенджерлер арқылы жаппай хабарлама алуда.

Хабарламада компанияның 3 жыл бойы осындай қызметтермен айналысатындығы жөнінде айтылған. Хабарлама мазмұны:

«Сіздерді «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға түсулеріңізбен құттықтаймыз! Егер сіз белгілі бір себептермен Атамекен, «Бастау Бизнес оқуын оқи алмайтын болсаңыз, біз көмектесеміз.Біз жеке компания қызметін ұсынамыз, үш жыл бойы «Бастау Бизнес» оқуын оқытып сертификаттарын алып беріп келеміз. Сіздің орныңызға сабақ оқып,  экзамендер тапсырып, бизнес план жасаймыз. Курсты толық бітірген туралы сертификат алып береміз.Орындар шектеулі, тезірек тапсырыс беріңіз»- деп жазылған.

Осыған байланысты, Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың барлық қызметтері өтеусіз негізде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Осындай алаяқтық сипаттағы хабарламаларды жаппай жібермеуді және бөгде адамдардың қызметтерін пайдаланбауды сұраймыз!

Оқыту барысында жобаға қатысушыларды тек жоба кеңесшісі және әр топтың бизнес-тренері сүйемелдейтінін естеріңізге саламыз.

Жоғарыда атап өткен хабарлама бойынша ақпарат «Атамекен» ҰКП қауіпсіздік қызметіне жіберілді.

Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз немесе сізге сертификат алуға немесе "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша оқуға байланысты өз қызметтерін ақша немесе сыйақы үшін ұсынатын бейтаныс адамдардан қоңыраулар келіп түссе, әрекет етпеуіңізді және бірден Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасына жүгінуіңізді сұраймыз.

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті келесі байланыс нөмірлері бойынша алуға болады: кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысы Досымжан Жахаев, «Бастау» жобасының үйлестірушісы Аида Укасова – тел.: 8(7262) 56 84 68.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер