«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында жас кәсіпкер 50 түрлі музыкалық аспап жасайды

2021 жылғы 16 Маусым
- Жетісу облысы
6129 просмотров

Алматы облысында 23 жасар кәсіпкер Абзал Әкімбек музыкалық аспаптар жасайтын шеберхана ашты. Қолөнер шебері жылына 200-ден астам ұлттық аспап шығарады. Өнімді үлкен қызығушылықпен мәдениет майталмандары, музыкалық мектептер мен мекемелер сатып алуда.

Абзал Әкімбек Еңбекшіқазақ ауданындағы Рахат ауылының тұрғыны. Ол жастайынан ұлттық музыкалық аспаптарға, олардың тарихы мен өндірісіне қызығушылық танытып келді. Мектеп қабырғасынан бастап, әсіресе, жазғы демалыс кезінде музыкалық аспаптар жасау шеберханасында тәжірибе жинақтады. Колледжден кейін ол тағы бір жыл шеберханада жұмыс істеді. Уақыт өте келе үйдің ауласында шағын цех ұйымдастырды. Осылайша жеке хоббиі кәсіпке айнала бастады. 

 

2019 жылы Абзал «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтті. Сол жылы инновациялық идеясы үшін 2,5 млн теңге көлемінде грант алды.

«Мемлекеттік қолдаудың арқасында мен хоббиімді табысты іске асырдым. Көмек сұрап Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына жүгіндім. Көп ұзамай «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2,5 млн теңге грант ұтып алдым. Осы қаражатқа станоктар мен құралдарды сатып алдым. Қазіргі таңда шеберханада менімен бірге тағы үш адам жұмыс істейді», - деді жас кәсіпкер.

Шеберханада Абзал Әкімбек аспаптардың 50 түрін дайындайды. Олардың арасында домбыра, прима домбыра, қобызға қызығушылық жоғары. Сондай-ақ жетіген, дауылпаз, сыбызғы, шертер және басқа да ұлттық аспаптар ерекше танымал. Өнімдерді артистер, өнер мектептері және ірі мәдени мекемелер сатып алады. Сонымен қатар сыйлық ретінде де бұйымдар жақсы өтеді.

«Біз жылына 200-ден астам аспап дайындаймыз. Өндіріс ісінде отандық және шетелдік материалдарды пайдаланамыз. Мысалы, жаңғақ ағашын, шырша, үйеңкі, қызыл ағашты, африкалық тропикалық ағаштарды қолданамыз. Сондықтан сапалы бұйым әзірлеу біз үшін өте маңызды шарт. Музыкалық аспаптардың көпшілігін ұлттық нақышты сақтай отырып, ерекше этностильде дайындаймыз», - деді Абзал Әкімбек.

Кәсіпкердің алдағы уақытта отандық және халықаралық көрмелерге қатысып, өнімін танымал етуді мақсат етіп отыр.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының жаңалықтарына жазыла жүріңіз:

Facebook топ: Taldykorgan Business

Instagram парақша atameken.taldykorgan

Telegram канал  businessshtabalmobl


Еншілес ұйымдар

Серіктестер