«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҰКП сарапшылары кәсіпкерлерге мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құру саласында кеңес береді

2021 жылғы 11 Қазан
2224 просмотров

 «Атамекен» ҰКП Мүгедектер ұйымдарының құқықтары мен мүддесін қорғау жөніндегі кеңестің отырысы барысында оның төрағасы Алмаз Ержан сараптамалық консультациялар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, қатысушылар «Бастау бизнес Inclusive» жобасы, өзгерістер, қаржыландыру, әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған қолдау шаралары мәселелері бойынша бастамалар мен проблемаларды талқылады. Кездесу Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Мүгедектер күні қарсаңында өтті.

Консультациялар Кеңестің бастамасымен мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімділігі үшін кеңселер, үй -жайлар, әлеуметтік инфрақұрылым салу мен бейімдеуде көмекке мұқтаж кәсіпкерлер үшін іске қосылды.

Кеңес алу үшін ҰКП байланыс орталығына 1432 нөмірі бойынша қоңырау шалу керек.  Мамандар сізді кеңес беру үшін сарапшымен байланыстырады.

Сондай-ақ, кеңес барысында кәсіпкерлер «Бастау бизнес Inclusive» оқыту курстарын, әлеуметтік кәсіпкерлікке оқыту, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған мүгедек кәсіпкерлер мен өндірушілердің мүдделерін қорғау үшін сатып алу рәсімдерін түсіндіру, сондай-ақ сертификаттау және салық салу бойынша іс-шараларды өткізуді жалғастыруды ұсынды.

Кездесуді қорытындылай келе, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев кеңеске қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, әлеуметтік инклюзия және кәсіпкерлікпен айналысу үшін тең мүмкіндіктер беру ҰКП-ның негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Анықтама: 2020 жылдың ақпанында «Атамекен» ҰКП жанынан Мүгедектер ұйымдары–  тауар өндірушілер, тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді жеткізушілердің құқықтары мен мүддесін қорғау жөніндегі кеңес жұмысын бастады, оның міндеттері осы мәселе бойынша ұсыныстар әзірлеу және жәрдем көрсетуге бағытталған шаралар қабылдау:

 - қоғамның түрлі салаларында мүгедек кәсіпкерлер ұйымдарын топтастыру және бәсекелестік ортаны дамыту;

- мүгедектер ұйымдарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы мәселелерінде мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын күшейту;

- мүгедектер ұйымдарының мемлекеттік сатып алуға және квазимемлекеттік секторды сатып алуға қатысу механизмдерін жетілдіру;

- әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту;

- мүгедектерді кәсіпкерлікке оқыту.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер