«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау Бизнес» жобасының түлегі тәулігіне 1 тонна шырын өндіреді

2021 жылғы 03 Қараша
- Жамбыл облысы
3860 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Жамбыл аудандық филиалына жүгініп, «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқыту курсынан өткен Равшан Мамедов бүгінде дәмді шырынмен бүкіл ауыл-аймақты қамтасамыз етіп отыр.

Қазірде «Атамекен Тараз»  микроқаржы ұйымынан кәсібін кеңейтуге төрт миллион теңге алған кәсіпкердің күнделікті 1 тоннаға дейін шырын жасайды.


Шайқорық ауылының тұрғыны Равшан Мамедов үш жылдан бері көкөніс консервілеу, алма, шабдалыдан шырын өндірумен айналысып келеді. Қарамағында бірнеше жұмыскері бар. Жалға алған бір жарым гектар жерге қызанақ, қияр және басқа да дақылдарды егеді. Жиған өнімді үй іргесіндегі қоймада сақтайды. Ал шырын жасайтын құрылғыларын көкөністер қызарып, жеміс-жидек піскен шақта іске қоспақ. Шырын құятын шыны ыдысын өзге қалалардан алдыртады.


«Шыны ыдыстың бір данасын 90 теңгеден, қақпағын 14 теңге 60 тиыннан сатып аламын. Алма, шабдалы жемістерін арзан бағада Алматы, Шымкент қалаларынан алдыртамын. Маусымдық науқанда күніне 500-600 банка шығарамыз. Әр 2 литрлік банканы есептегенде күніне бір тонна шырын тапсырыс берушілерге жеткізіледі. Біздің тауарымыз аудан, облыс дүкендерінің сөресінде тұр. Цехта орналасқан құрылғыларды өзім құрастырдым. Шынының бетіне қақпақ жабатын аппаратты және қозғалтқыш құрылғы сатып алдым», ­– дейді кәсіпкер.

Алдымен қолдағы шыны ыдыс ыстық бу арқылы залалсыздандырылып, тазаланады. Содан жүгіртпе жол арқылы жеміс сығындысы арнайы батырма арқылы ыдысқа құйылады. Шырынға толы ыдыс бұдан әрі қақпағын байлайтын аппаратқа жеткізіледі. Соңынан шыны ыдысқа жарнама парақтары жапсырылып, дайын өнім сатылымға кетеді.         
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер