«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкент қаласы білім басқармасының «№2 оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынын құру туралы

2023 жылғы 01 Ақпан
17223 просмотров

Жария талқылау мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасының «№2 оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынын (бұдан әрі – Кәсіпорын) құру туралы сұрауы жарияланады.

Кәсіпорынның қызметінің мәні балалардың шығармашылығын ұйымдастыру, дамыту және әр-түрлі пайдалы істерге баулу мақсатында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың, жеке адамның, қоғам мен мемлекет мүддесіндегі білім беру және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай жарғылық қызмет түрлерін жүзеге асырады:

•         балалардың жеке басының дамуынакәсіптік  бағдарын айқындауға, шығармашылық еңбегіне, олардың қабілеттерін іске асыруға, қоғам өміріне бейімделуіне, азаматтық сана сезімнің, жалпы мәдениетінің, салауатты өмір салтының қалыптасуына, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруына жағдай жасайды;

•         әртүрлі үйірмелер ұйымдастырады;

•         салауатты өмір салтын насихаттайды;

•         балалардың бойындағы шығармашылықты дамытады;

•         әр түрлі өнер саласында алғашқы кәсіптік білім берудің әлеуметтік бастамасын қалыптастыруды дамытады;

•         мәдениет және өнер қызметкерлерінің жеке өнер көрсетуін ұйымдастырады;

•         Кәсіпорын жанынан аула клуб жұмыстарын ұйымдастырады:

- хореография;

- көркемсурет, қолөнер;

- спорт үйірмелері, туризм;

- өлкетану, ежелгі тарих;

- актерлік шеберлік, мәнерлеп оқу;

- экология, жас табиғатшы;

- музыкалық аспаптар, ән айту, жеке ән айту.

•         жастары қатар және әртүрлі жастағы балаларды ынта-ықыластары бойынша студияға, ансамбльге, топқа, үйірмеге, театрға біріктіреді;

•         үйірме  жұмыстарын, концерттер, жарыстар және тағы басқаларды өткізеді;

•         Қосымша дайындық курстардың ұйымдастырылуын жүргізеді;

•         жазғы мерзімде өз базасында лагерлер мен демалыс базаларын, лагерлерде, сондай-ақ, балалардың тұрғылықты жерлерінде балалардың тұрақты және (немесе) ауыспалы топтарымен әртүрлі бірлестіктер құрады.

Құрылтайшы – Шымкент қаласының әкімдігі.

Ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда, оларды m.ospanov@atameken.kz электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер