«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы менеджер-кеңесші іздейді

2023 жылғы 16 Ақпан
- Жамбыл облысы
10466 просмотров

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде «Мен-Кәсіпкер» құралы бойынша ШОБ (шағын орта бизнес) субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар жеке тұлғаларға қызметтер көрсету үшін Жамбыл облысындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту Орталығына (бұдан әрі – Орталық) менеджер-кеңесшісі ретінде жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарынан өтінімдерді іріктеуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды:

Міндеттері:

  • Көрсетілетін қызметті алушылардың қажеттіліктерінің сипатын зерделеу және «Мен-Кәсіпкер» жобасы шеңберінде қажетті көмекті көрсету;
  • Кәсіпкер әйелдердің тәлімгерге деген қажеттіліктерін анықтау, орталық аппаратқа өтінімді қалыптастыру және жолдау;
  • Кеңес беру, орталықтарға жүгінетін көрсетілетін қызметті алушылардың неғұрлым өзекті проблемалары мен қажеттіліктерін анықтау және олардың сұрауын қалыптастыру. Өтініштер мен мәліметтер базасын жүргізу;
  • Кәсіпкерлердің оқу қажеттіліктерін анықтау, оқыту тақырыптары бойынша сұраныстарды жинау және жинақтау, оқуға өтінімдерді қалыптастыру және ОА-ға өтінімдерді жіберу;
  • «Бір ауыл-бір өнім» жобасын іске асыруға көмек көрсету, Бренд-комитеттердің жұмысына қатысу;
  • Материалдарды (ақпараттық мақалаларды, посттарды, анықтамаларды және өзге де материалдарды)дайындау;
  • Есептерді жүргізу және ұсыну;
  • Қызметтерді сатып алуға жәрдемдесу.

Іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Құқықтық немесе экономикалық жоғарғы білімнің болуы;
  • Кәсіпкерлікті қолдау және/немесе консультациялық қызметтер көрсету саласында және/немесе мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Нормативтік құқықтық актілерді (ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңы және т. б.), сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу;
  • Бизнесті қолдау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды және оларды іске асыру;
  • Сатып алуды жүзеге асыру тәртібін білу;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, іскерлік хат алмасу және келіссөздер жүргізу;
  • Дербес компьютермен толық жұмыс жасай білу, Internet, Microsoft Office – Word тәжірибелі пайдаланушысы; міндетті: сенімді Excel пайдаланушысы (Жиынтық кестелер, формулалар, сүзгілер, графиктер, диаграммалар);
  • Facebook, Instagram, «WhatsApp Messenger», «Telegram Messenger» әлеуметтік желілері мен мобильді қосымшаларын белсенді пайдалану;

Іріктеуге қатысушылардың артықшылықтары: әйелдер қауымдастықтарында және үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, іс-шараларды, форумдар мен конференцияларды ұйымдастыруда жұмыс істеу дағдылары, әлеуметтік желілер маркетингінде (SMM) тәжірибенің болуы.

Қажетті құжаттар тізімі:

* жеке куәліктің көшірмесі;

* 2-Қосымшаға сәйкес нысан бойынша менеджер-кеңесшісі ретінде іріктеуге қатысуға өтінім;

* «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде менеджер-кеңесшісін іріктеу тәртібіне 3-Қосымшаға сәйкес нысан бойынша ізденушінің сауалнамасы;

* еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасы/еңбек шарты және/немесе техникалық ерекшелігі бар өтеулі қызмет көрсету шарты;

* білім туралы дипломның көшірмесі;

Өтінім нысанын, сауалнаманы және іріктеуге қатысу шарттарын (қаржылық емес қолдау шаралары туралы Ережеге сәйкес) Жамбыл облысы Кәсіпкерлер Палатасының кеңсесінде мына мекенжай бойынша алуға болады: Тараз қ., Төле би 93А, 2-қабат немесе m.azhmagambetova@atameken.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

ӨКП-дағы байланыс тұлғасы: Ажмағамбетова Майя Тұрарқызы - 8 (7262) 555 904.

Өтінімдер 2023 жылғы 21 ақпан сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер