«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» палатасы мен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты меморандумға қол қойды

2023 жылғы 16 Наурыз
- Павлодар облысы
8821 просмотров

Павлодар ӨКП директоры Серік Сәдуақасов пен Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Адлет Бақтияров ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Меморандумның мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың құқықтық мәдениетін нығайту саласындағы ынтымақтастық.

Тараптар әкімшілік әділет саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды, осындай бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен шарттарды бірлесіп анықтау және жою, кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру туралы келісімге келді.

Сонымен қатар, облыстық палата мен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын заңнаманы жетілдіруде ынтымақтасады.

Сондай-ақ дауларды шешудің баламалы және сотқа дейінгі нысандарын ұйымдастыру мен жұмыс істеуіне әдістемелік және құқықтық көмек көрсетіледі.

Сот ісін ұйымдастыру бойынша кеңес беру мақсатында ай сайын Павлодарлық «Атамекен» ӨКП алаңында МАӘС төрағасы Адлет Бақтияров кәсіпкерлерге қабылдау өткізеді.

Қабылдау күні мен уақытын кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінде мына телефон арқылы білуге ​​болады: 8/7182/660311 ішкі 5518.

Сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесін зерделеу және түсіндіру мақсатында жоспарланып отырған тұрақты семинарлар, дөңгелек үстелдер аясында Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында МАӘС қазыларымен кездесуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер