«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысында 2023 жылдың үздік тауарлары анықталды

2023 жылғы 27 Сәуір
- Жамбыл облысы
8127 просмотров

Таразда «ZHEIF-2023» Халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында «Қазақстанның үздік тауары-2023» өңірлік көрме-байқауы өтті.

«Мәдениет үйі» көрме залында өңірдің тамақ, химия, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс индустриясынан 110-нан аса тауар өндіруші өнімдерін ортаға қойды. Сондай-ақ, «бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында облыстың тағы 40 өндірушісі қатысты.

Көрме-байқауға Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Шүкіжанова, Тараз қаласы әкімдігінің өкілдері, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, сондай-ақ өңірдің кәсіпкерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Көрме қонақтары кәіпті бұрынннан қолға алған, сондай-ақ жаңадан бастаған тауар өндірушілердің тауарларымен танысты. Көрмеде сонымен қатар байқауға алғаш қатысқан 30  кәсіпорын болды. Атап айтқанда, «ТАУ» тәжірибелік-механикалық зауыты ЖШС – стандартты емес жабдықтар өндірісі, «Agro Green Technology» ЖШС – гидропоникалық өсімдіктерді жыл бойы өсіруге арналған жабдық, «Транс-Полимер» ЖШС» – Теміржол саласына арналған платмасс бұйымдарын өндіру, «Кемел» жеке кәсіпкерлігі – келте тон, сөмке өндірісі, «Жаңа технологиялар» ЖШС – компьютерлерді құрастыру, «Е. Қалдаров» жеке кәсіпкерлігі – ағаштан люстра, жалюзи дайындау, «Н. Нұрахаев» жеке кәсіпкерлігі – автокөлік жууға арналған өзіне - өзі қызмет көрсететін жабдықтар өндірісі, «Technomart» ҚБ – тұрмыстық химия өндірісі, «KORKEM-AI COSMETICS» жеке кәсіпкерлігі – косметикалық өнім, «Иштаев» жеке кәсіпкерлігі – шұжық өнімдері, «Family corp» жеке кәсіпкерлігі бидайдан сусын дайындау, «Сырым» жеке кәсіпкерлігі – жиһаз цехы, «Береке»  жеке кәсіпкерлігі – бұйымдар «Нұр және мен» жеке кәсіпкерлігі – акрил раковиналар, шыны талшықтан жасалған ванна өндірісі, «ККК» жеке кәсіпкерлігі – көмір, «Ер-қосса» жеке кәсіпкерлігі – саңырауқұлақтарды өсіру, «Жетісу-Шоро» ЖШС – ұлттық сусындар өндіру, «TARAZ EKO FISH» ЖШС – балық өсіру, , «Самурай» ЖШС –  етке арналған дәмдеуіш, «Ақши» жеке кәсіпкерлігі – аяқ киім өндірісі, «ЖЭС Жаңатас» ЖШС – электр энергиясын өндіру, «K-Club» жеке кәсіпкерлігі – бала қабілеттерін дамытатын эко ойыншықтар өндірісі.

Байқау қонақтары көрмеге қойылған тауарлардың сапасын бағалап, қалаған тауарды өзіндік құны бойынша сатып ала алды.

Тәуелсіз сарапшы-аудиторлар, бизнес-қауымдастықтар, салалық қоғамдық бірлестіктер және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған сараптама комиссиясы үш номинация бойынша байқаудың дипломанттарын таңдады:

- «Халық үшін үздік тауарлар»;

- «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

- «Үздік азық-түлік тауарлары».

Байқауға қатысушыларды бағалаудың негізгі критерийлері – өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі болды.

Сонымен , байқау нәтижесі бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында  «Agro Green Technolog» ЖШС,  «Энерджи Тараз» ЖШС, «ТАУ company» ЖШС үздік атанды; «Халық үшін үздік тауарлар» номинациясында «ТаразКожОбувь» ЖШС,  «KORKEM-AI COSMETICS» жеке кәсіпкерлігі, «Сарысу» жеке кәсіпкерлігі топ жарды; «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында «ӘулиеАта-Феникс» ЖШС,  «Пышка» жеке кәіпкерлігі,  «Сарыбас» жеке кәсіпкерлігі жеңіске жетті.

Жамбыл облысының әкімі  «Made in Zhambyl» жаңа номинациясының жеңімпаздары – «Talas investment company» ЖШС, «Ellin Shoes» ЖШС және «Ас коп» жеке кәсіпкерлігін марапаттады.

Көрме-байқау аясында Жамбыл облысы ӨКП Іскер әйелдер кеңесі «Жылдың серпіні», «Жылдың жаңалығы» және «Жылдың табысты жобасы» номинацияларын табыс етті. Номинанттар «Жанат» шаруа қожалығы, «Абдраимова» жеке кәсіпкерлігі және «Қамбарова» жеке кәсіпкерлігі болды.

Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Олар жыл соңында Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары – 2023» республикалық көрме-байқауына қатысады.

«Көрме-байқаудың мақсаты – халық арасында сапа идеясын насихаттау. Бүгін қала тұрғындары жергілікті өндірушінің тауарларын өз көзімен көріп, өзіне ұнайтын өнімдерді бағалап, сатып ала алды. Кәсіпкерлер үшін мұндай іс-шаралар өз мүмкіндіктерін бағалауға ғана емес, сонымен бірге кәчіптің көкжиегін кеңейте бастайтын жаңа серіктестер табуға мүмкіндік береді. Жыл сайын көптеген жас кәсіпкер мен келешекті кәсіпорындардың қатысып жатқаны қуантады. Жамбыл облысының кәсіпорындары жыл сайын «Алтын Сапа» Президенттік сыйлығының иегерлері, республикалық байқаудың жеңімпаздары атанды. Біз оларды мақтан тұтамыз!»,– деді Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев.

 Еске салсақ, «Қазақстанның үздік тауары» байқауы отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған және отандық нарықты жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен толтыруға  жәрдемдесуге бағытталған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер