«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнеске мамандар дайындаудағы жаңа тандем

2023 жылғы 29 Мамыр
5732 просмотров

Тәжікстан кәсіпкерлері экономика секторларын сұранысқа ие білікті мамандар және менеджерлермен қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тәжірибені зерделеп жатыр.

29 мамырда «Атамекен» ҰКП алаңында «Атамекен «ҚР Ұлттық палатасының тәжірибесін мультипликациялау» жобасын іске асыру шеңберінде Тәжікстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының делегациясы келді. Делегация құрамында СӨП төрағасысның орынбасары Хайдар Раджабов, Хатлан облысы СӨП бас директоры Фарход Сайфидинов, Соғды облысы СӨП бас директорының орынбасары Меликузи Кодиров болды.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов қонақтарды қарсы алып, Қазақстанға іскерлік сапар тәжікстандық әріптестерге ақпаратқа толы және пайдалы болатынына сенім білдірді.

«Біздің палата жобаны іске асыруда барынша көмек көрсетуге дайын. Бірлесіп, бизнес-қоғамдастықтардың мемлекет кадрларын даярлау жүйесіне тартылуына және екі мемлекеттің дуальді білім беру жүйесін іске асыруға ықпал ететін боламыз. Палаталарымыздың тандемін қолдаймыз. Бұл ынтымақтастық екі мемлекеттің байланысын нығайтуға ғана емес, сонымен қатар Орта Азия елдерінің кәсіптік білім беру жүйесін реформалауға жәрдемдесу, экономиканың өсіп келе жатқан секторларын білікті мамандар мен менеджерлер талап ететін секторлармен қамтамасыз ету бастамаларын енгізеді», – деді Мақсат Қиқымов.

Спикер жобаның мақсаты – халықаралық үрдістерге сәйкес білім беру сапасын арттыру және оның мазмұнын жаңғырту, ақпарат алмасу, сондай-ақ Астана қаласы мен Павлодар облысының өңірлік палаталарымен ынтымақтастық туралы екі меморандум жасау екенін айтты.

«Бұл кездесу Тәжікстан СӨП және Қазақстан ҰКП кәсіптік білім берудің негізгі мүдделі тараптардың жүйелі өзара іс-қимылының тағы бір нәтижесі болады», – деді спикер.

«Атамекен» ҰКП өкілдері қонақтарға  Ұлттық палатаның құрылымы, міндеттері, және  өңірлік кәсіпкерлер палаталарының басым бағыттары, кәсіпкерлермен өзара іс-қимылы туралы айтты.

Олар «Атамекен» ҰКП әзірлеген жоғары оқу орындарының рейтингі, оның әдіснамасы, дуальді білім беру және бизнеске сұранысқа ие маман даярлауға ерекше қызығушылық танытты. Серіктестер «Атамекен» ҰКП өкілдері осы жылдың қазанында Тәжікстанда өтетін конференцияға қатысып, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген әріптестерге де мамандарды даярлау тәжірибесін бөлісе алатынына тілек білдірді.

Кездесу барысында Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы, Соғды облысының сауда-өнеркәсіп палатасы және Хатлан облысының сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Қорытындылай келе, Тәжікстан Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Хайдар Раджабов «Атамекен» ҰКП өкілдерінің жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Палаталар арасында тәжірибе алмасу өте маңызды екенін атап өтті.

 «Маман дайындау – біз үшін маңызды бағыт. Өйткені Тәжікстанда кадрмен жұмыс бойынша мамандарды дайындамайды. Біз қазақстандық әріптестеріміздің тәжірибесін пайдаланамыз деп үміттенеміз және, әрине, алдағы уақытта да осы бағытта жұмыс істеу үшін сіздің тәжірибеңізді зерттейтін боламыз», – деп атап өтті ол.

Делегация елордада Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы,  Қазтұтынуодағының жоғары колледжі, ҚР Еңбек министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ, ҚР Білім министрлігі, Astana IT University-ін аралап шығады.

Кездесулер «Атамекен» ҚР ҰКП және Deutsche Gesellschaft fur Internationale Zusammenarbeit қоғамының меморандумы және «Орта Азиядағы экономикалық өсу секторлары үшін кәсіптік білім беру» жобасын іске асыру шеңберінде өткізіліп жатыр.

Тандемдік әріптестік экономика секторларын сұранысқа ие білікті мамандар және менеджерлермен қамтамасыз ету үшін Орта Азия елдерінің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) кәсіптік білім беру жүйелерін реформалауға жәрдемдесуге бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер