«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тараздағы үлескерлік құрылыс мәселесі Атамекен алаңында көтерілді

2023 жылғы 21 Желтоқсан
- Жамбыл облысы
2779 просмотров

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында үлескерлік құрылыс және рұқсат құжаттарын алу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасына үлестік құрылыс мәселесі бойынша өтініш түспегені туралы қатысушыларды хабардар етті, алайда, қала прокуратурасы қала аумағындағы үлестік құрылыс саласындағы заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргу барысында, бұзушылықтар анықталды, бұл әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға алып келіпті.

Тараз қаласының прокуроры Нұржан Боранбаев үлестік құрылыс саласындағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі туралы түсіндірді.

Тараз қаласы прокуратурасының прокуроры Бауыржан Қасымбеков – «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының қолданылуын талдау нәтижелері туралы хабарлады, онда қала прокуратурасының ұсынысы бойынша жоғарыда аталған бұзушылықтар бойынша 3 заңды тұлға («Saulet Alem», «AYNA GROUP», «Hamilton park» ЖШС) ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңның 320-бабы бойынша сот шешімі арқылы кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл түрінде әрқайсысына 1 035 000 теңге мөлшерінде жазаға тартылды. Жергілікті атқарушы органдар рұқсатынсыз заңсыз жарнама жариялауы және үлескерлердің қаражаттарын тарту анықталды. Сонымен, «krisha.kz», «Instagram» әлеуметтік сайттарда құрылыс нысандары бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді сату туралы хабарландырулар орналастырылды.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР заңы жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi.

Заңның 6-бабының 6-бөлігіне сәкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.  Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу Заңның 7-бабына сәйкес жүзеге асырылады: бірыңғай оператордан кепілдік алу, екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы, көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.

Уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуге жол беріледі. Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.

Заңның 23-бабына сәйкес, құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар Бірыңғай оператормен кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан немесе жергілікті атқарушы орган үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат бергеннен кейін ғана жасалатындығын көрсете отырып, көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жарнамасын жүзеге асыруға құқылы. Жарнамада құрылыс салушы және уәкілетті компания туралы ақпарат қамтылуға тиіс.Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатының негізінде жүзеге асырады. ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 27-бабының 1-тармағының 6-1 тармақшасына сәйкес, объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы белгіленген объектілерге мониторингті жүзеге асырады. 

Бүгінгі таңда қала прокуратурасының ұсынысы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған «Hamilton Park» ЖШС заңға сәйкес тұрғын үй кешеніне үлескерлердің қаражатын тартуға ЖАО рұқсатын алды.

Алайда, басқарма тарапынан заң талаптарын сақтау бойынша құрылыс салушылармен түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмейді. Өз кезегінде, құрылыс аяқталғанға дейін уақытылы аяқталмайтын құрылыс объектілеріне салымшылардың қаражатын тарту, қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығына теріс әсер етіп, наразылыққа әкелуі мүмкін.

Тараз қаласы прокурорының орынбасары Дастан Асқар – бақылаушы органдар кәсіпкерлер арасында да, халық арасында да қолданыстағы нормаларды түсіндіру жөніндегі жұмысты күшейтіп, жандандыруы қажет, – деді. Сондай-ақ, «Атшабар» тұрғын үй кешенін мысал ретінде келтірді.

«Облыс бойынша үлестік құрылыспен айналысатын құрылыс компаниялары көп емес. Құрылыс компаниялары тұрғын үймен қамтамасыз етіп жергілікті халықтың мәселелерін шешіп жатқанына қарамастан, бұзушылықтар орын алса да, талаптардың сақталуы бойынша компанияларға алдын ала хабардар ету қажет. Астана, Алматы қалаларының мысалында, ЖАО үлескерлерді тартуға рұқсаты бар құрылыс компаниялары бойынша халықты айына бір рет хабардар етуі қажет, – деді Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәсеселер жөніндегі орынбасары Нұралы Ергебаев.

Қала прокуроры  мұндай түсіндіру жұмыстары Құрылыс компаниялары мен халыққа оң әсерін тигізеді деп ойлаймын, себебі егер үлестік қатысушы тұрғын үй мен салынған қаражатты уақытында ала алмаса, әлеуметтік шиеленіс туындауы мүмкін.

Кеңесті қорытындылай келе, ЖАО өкілдері Тараз қаласының прокуратурасымен, Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, құрылыс саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін үлестік құрылысқа қатысу жөнінде жадынама әзірлеу ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер