«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасында құрылыс бизнесін қолдау туралы Меморандумға қол қойылды

2024 жылғы 14 Наурыз
- Ақтөбе облысы
7679 просмотров

Тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы "Атамекен" өңірлік палатасы мен "Отбасы банк" АҚ облыстық филиалы келісті.

Құрылыс, ТКШ және энергетика салалық кеңесі аясында ӨКП және "Отбасы Банк" филиалының басшылары - Дидар Боранқұлов пен Жеделбек Мырзағалиевтың кездесуі өтті. Тұрғын үй құрылысы бағдарламаларының мәселелері талқыланды, оның ішінде құрылыс саласындағы бизнес субъектілері үшін "Отау" тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламасының шарттары түсіндірілді.

Кездесу барысында банк өкілі ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап "Отбасы Банкі" "Отау 9-20" жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосқанын, оның шеңберінде бағдарламаға қатысушылар Ақтөбе қаласында 18 млн теңгеге дейінгі қарыз есебінен бастапқы тұрғын үй сатып ала алатынын айтты. Сонымен қатар, егер бұл бағдарлама құрылыс бизнесінің өкілдері үшін қызықты болса, олар құрылыс салушылар тізіміне кіре алады.

"Ақтөбе бойынша 800-ден аса клиент өтінім берді. Егер дайын нысандар болса, құрылыс салушылар банкпен келісім жасасуға болады. Егер нысандар дайын болмаса, нысандарды аяқтауға және тапсыруға уақыт бар. Және де банкпен келісімге қол қою. Егер үйлер енді ғана салына бастаса, бағдарламаға келесі жылға кіре аласыз. Өйткені, бұл бағдарлама 7 жылға арналған. Жыл сайын 150 млрд теңгеден бөлінетін болады. Барлық құрылыс компанияларымен жеке түсіндіру-консультативтік кездесулер өткізуге дайынбыз", - деді банк директоры Жеделбек Мырзағалиев.

Ақтөбе облысындағы тұрғын үй құрылысының барысын талқылауға салалық кеңес мүшелері, атап айтқанда құрылыс бизнесінің өкілдері, сондай–ақ мемлекеттік органдардан — Ақтөбе облысының энергетика және ТКШ басқармасы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы және Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімінің өкілдері қатысты.

"Тұтастай алғанда, құрылыс секторы нақты секторды дамытудың негізгі драйвері болып табылады, өйткені бұл саланың дамуы құрылыс материалдарын, конструкциялар мен жабдықтарды, жиһаздарды өндірудегі қуаттарды жүктеуге, сондай-ақ көлік қызметтерін көрсетудегі және басқа да аралас салалардағы көлемдерге әсер етеді. Бүгінгі таңда құрылыс бизнесі өкілдерінің алдында негізгі мәселе тұр — құрылыс, оның ішінде тұрғын үй қарқынын жандандыру. Палатаның құрылыс материалдарын өндірушілер арасында жүргізген сауалнамасы жүктеменің негізгі проблемаларының бірі тұрғын үйге деген сұранысты күшейтетін тұрғын үй бағдарламаларының болмауы болып табылатынын көрсетті", - деп атап өтті ӨКП директоры Дидар Боранқұлов.

Банк секторының өкілдерімен кездесу барысында тұрғын үй бағдарламаларының қысқаруына байланысты құрылыс салушылар тарапынан кредиттік ресурстарға қажеттілік төмендегені атап өтілді. Бұл ретте, біздің құрылысшылар үшін арзан қаржыландырудың қолжетімділігі маңызды мәселе болып табылады.

Егер 2023 жылы Ақтөбе облысында тұрғын үй салуға 200 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалса, онын ішінде 94,5% - ға жуығы құрылыс салушылардың өз қаражатын құрайды.

"Өздеріңіз білетіндей, тұрғын үй бағдарламалары халықтың кең ауқымы үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бұл тұрғын үйге деген сұранысты қолдайды және өз кезегінде құрылыс индустриясын дамытуға серпін береді. Құрылыс секторында іскерлік белсенділікті қолдаудағы "Отбасы Банкінің" мүмкіндіктері өте зор. "Отау 9-20" тұрғын үй бағдарламасы, сондай — ақ банктің қолда бар корпоративтік өнімдері өңірдегі құрылыс қарқынын дамытуға ықпал етуі тиіс", - деп атап өтті Дидар Боранқұлов меморандумға қол қою рәсіміне көшіп.

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы мен "Отбасы банк" АҚ АОФ арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум негізінде жергілікті құрылыс компанияларын қолдау бойынша одан әрі жоспарлы жұмыс құрылатын болады.

Анықтама үшін: Ақтөбе облысында 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 327 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,5% – ға артық (оның ішінде тұрғын ғимараттар - 45 млрд теңге). Алайда, 2023 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің саны 1 370 құрады (2022 жылы 1 893 және 2021 жылы 1 945-пен салыстырғанда). Тұрғын үйдің жалпы ауданы 1 ш.м. құрылысына орташа нақты шығындар 22,8% - ға өсті. Бұл ретте пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы ауданы 18,6% - ға азайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер