«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тараздықтар тасқыннан зардап шеккен аймақтарға азық-түлік жинап жатыр

2024 жылғы 08 Сәуір
- Жамбыл облысы
2929 просмотров

Тараздық еріктілер тасқыннан зардап шеккен аймақтарға азық-түлік жеткізуді қолға алды. Белсенді азаматтар жұрттан жылу жинап, қайырымды істен шет қалмауға шақырады. Аймақ тұрғындары апатты өңірлерге 10-ға жуық жүк көлігін жөнелтпек. Автокөліктерге аса қажетті тұтыну тауарлары мен киім-кешектер тиеліп жатыр. Балаларға қажетті заттар да бар. Қала халқы игі істен шет қалмай, қажетті заттарды әкеп, жәрдемдесіп жатыр. Қазір қаланың төрт шағын ауданы мен 10-нан аса сауда үйінің алдында еріктілерді көруге болады. Жалпы су тасқынының қаупі сейілмеген өңірлерде 20 мыңнан астам волонтер жұмыс істеп жүр.

 

"Қарапайым халық үйіндегі барын әкеп беріп жатыр. Қазақтың қаймағы бұзылмаған, осындай бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын осындай татулықтың, бір тудың астында бірігіп жатқандығының куәсі болып отырмыз. Осы нәрсе біздің қуантады. Бірақ әрине мұндай еліміздің басына екінші қайтара түспесін", - кәсіпкер Әсел Жапарова.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер