«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерді жеке қабылдау

2024 жылғы 08 Тамыз
- Жамбыл облысы
2896 просмотров

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің  басшысы Руслан Касимов пен Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұралы Ергебаев кәсіпкерлерді жеке қабылдады. «Ашық есік күні» Атамекен алаңында өтті.

Кәсіпкерлердің қаралған мәселелеріне тоқталсақ.

«KZ Асыл тұқым» ЖШС қаржы директоры  Асет  Хайруллин сыйақы субсидияларының барлық сомасы біздің қарыз бойынша сыйақыны азайту есебіне, Аграрлық несие корпорациясы есеп айырысу шотына түсетін еді, – дейді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге мемлекеттік қолдау алуға кедергі келтірмей, өз қарыз алушысын қарызды өтеуде қолдаудың орнына, Аграрлық несие корпорациясы бізді әдейі қиын жағдайға душар етті.

Бауыржан Игликов «Қазына CITY» ЖШC басшысы – мемлекеттік сатып алу бойынша сұрағын қойды. Бірнеше лот бойынша мемлекеттік сатып алу порталынан Қордай ауданында жеңімпаз болып табылдым. Алайда, мені мемлекеттік сатып алуға қатысудан Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі бас тартты, - дейді.

Руслан Касимов мемлекеттік сатып алуға қатысудан Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі заңсыз бас тартып отыр ма?, - деп сұрады. Жамбыл облысы бойынша ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жүгіндіңіз ба? Біздің мекеменің атына осы мәселе бойынша жүгінуіңізге болады. Өз тарапымыздан, Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен болашақта осындай фактілерді болдырмау мақсатында жұмыс жасайтын боламыз, себебі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті – осындай сұрақтар бойынша құзырлы орган болып табылады, - деді.

«Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл ауылында өткізілген мемлекттік сатып алу бойынша жеңімпаз болып табылдым. Қазіргі таңда келісім шарт бойынша жүктелген жұмыс көлемінің 90 пайызын орындап қойдым. Алайда, осы ауыл әкімі менен қосымша жұмыс көлемін атқаруын талап етіп отыр. Сонымен қатар, Жамбыл станциясының перронында сауда жасайтын үш дүңгіршегім бар. Қазіргі таңда теміржол станцисының өкілдері бірыңғай операторды іріктеу бойынша конкурс өткізіп жеңімпазды анықтады. Ол жеңімпаз, жалға беретін жер учаскелерінің бағасын үш есе арттырып отыр», – деді Бауыржан Игликов.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұралы Ергебаев аталған мәселе бойынша, Палата алаңында Жамбыл станциясының перронында сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлермен жиын өткіздік және күні кеше теміржол бекетінің алаңында екінші рет жиын өтті. Палата екі кәсіпкердің де құқығын бұза алмайтынын ескере кеткен жөн. Палата тек бірыңғай операторды іріктеу бойынша өткізілген конкурстың және оның нәтижелерін Қазақстан темір жолының өкілдері тарапынан анықтау бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізу мақсатында жүгіну қажет деп есептеймін. Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ филиалы – «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі», Жамбыл станциясының перронында сауда жасайтын кәсіпкерлерге мүліктік жалдау шартын бұзу туралы хабарлама берілді – деді.

Келесі мәселесін көтерген «Нурбол и С» ЖШС-нің басшысы Ғалымжан Ширшинбаев. Кәсіпкер жекеменшік жер учаскесінде көпфункционалды тұрғын үй кешенін салуға сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу бойынша Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс бөлімі КММ-не жүгіндік. Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс бөлімі КММ-сі Тараз қаласы әкімінің 27.12.2023 жылғы №5148 қаулысымен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша Қаратай Тұрысов көшесі №19 мекенжайында автомобиль жолын салу көзделген деп жауап берді. Осылайша, жеке меншік құқығындағы жер учаскесінде көпфункционалды тұрғын үй кешенін салуға сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілмеді. Біз, жер телімін мақсатты пайдалана алмай неше уақыт жүруіміз қажет? Сонымен қатар, мемлекет тарапынан баламалы ұқсас жер учаскесін ұсынуын немесе учаскенің нарықтық құнын төлеу мәселесін қарастыруына ықпал етуді сұранды.

Ал жеке кәсіпкер Алпысбай Маделимов – Жамбыл облысы Жуалы ауданында сүт өнімін 150 теңгеден өткізбей Түркістан облысы Түлкібас ауданына сүт өнімдерін 160 теңгеден өткізудеміз. Осы сүт өнімін басқа облысқа бұдан әрі өткізетін болсақ, мемлекет тарапынан берілетін субсидия әрі қарай төленеді ма деген сауалын қойды.

«Субсидияларды төлеу жөніндегі қолданыстағы Қағидалар шеңберінде шектеу жоқ, өйткені өткізілетін тауар Республикадан тыс жерлерге шықпайды. Осы мәселе бойынша, Палата тарапынан уәкілетті органға түсініктеме алу үшін хат жолданатын болады», – деп жауап берді Нұралы Баянбайұлы.

Кездесу нәтижесі бойынша тиісті органдарға кәсіпкерлер палатасы тарапынан хат жолданатын болады.

Кәсіпкер Асет Хайруллинің арызы бойынша, Аграрлық несие корпорациясының бас офисіне субсидия алу жөнінен түсініктеме алу үшін хат жолдау. Осы арыздың мысалы ретінде Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының қарамағында тұрақты түрде жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Кеңесінде көтерілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер