«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Таразда жергілікті тауарөндірушілердің көрме-жәрмеңкесі өтеді

2024 жылғы 17 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
8543 просмотров

Жамбыл тауарөндірушілері өз өнімдерін «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында 20 қыркүйек күні Тараз қ., Сәтбаев к-сі, 25, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Марс Уркумбаев атындағы «Жастар сарайы» мекенжайы бойынша өтеді. Басталуы сағат 09:00-де.

Сондай-ақ, көрме аясында Жамбыл облысының әкімі Е.Ш.Қарашөкеевтің бизнес-қоғамдастықпен кездесуі өтеді. Қазақстанда «Бір ауыл – бір өнім» жобасы 2021 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылуда. Биыл Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы жергілікті тауар өндірушілерден 90-нан астам өтінім қабылдады.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы жергілікті шикізаттан өнімді әзірлеуге және жылжытуға бағытталған және кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнімді жергілікті өндірісті дамыту тұжырымдамасына негізделген. Көрме-жәрмеңкеде жобаға қатысушылар ұлттық киімдерді, аксессуарларды, бас киімдерді, бірегей зергерлік бұйымдарды, ағаштан жасалған бұйымдарды және т.б. ұсынады. Көрме финалистері бизнесті дамыту үшін мемлекеттен гранттық конкурсқа қатысуға мүмкіндік алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер