«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Нархоз университеті ынтымақтастықты жалғастыруда

2024 жылғы 27 Қыркүйек
- Алматы қаласы
237 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

2024 жылғы 26 қыркүйекте Нархоз университетінде ЖОО мен Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Іс жүзінде ынтымақтастық өткен жылы басталды. Осы тәжірибеге сүйене отырып, Тараптар Палата директоры Нұрсұлтан Шоқанов пен Нархоз Университетінің президенті Қанат Қожахмет атынан кәсіпкерліктің неғұрлым өзекті мәселелерін шешу үшін оның заңдық негізге ие болуы және жалғасуы тиіс деген мәмілеге келді.

Атап айтқанда, біз бизнес-ортаны дамытуда студенттік қоғамдастықты да, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді де тарту және ынталандыру, оларға жан-жақты қолдау мен көмек көрсету, кәсіпкерлікті жүргізудің құқықтық негіздеріне, қағидаттары мен құрылымына, қазіргі заманғы құзыреттерге (IT, AI) және soft-skills-ке терең бойлау мақсатында отандық бизнес субъектілерін қарқынды даярлау туралы айтып отырмыз.

Ынтымақтастық шеңберінде кәсіпкерлік, білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған бірлескен жобалар мен бастамалар, оның ішінде Нархоз университетінің жанындағы Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институтының белсенді қолдауымен іске асырылатын болады. Ынтымақтастық шеңберіндегі басқа да басымдықтардың қатарында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінде ғылыми-негізделген ұсынымдар дайындау, ғылыми, құқықтық және ұйымдастырушылық ресурстарды пайдалану, ҚР қолданыстағы заңнамасын жетілдіру жөнінде бірлескен ұсыныстар әзірлеу белгіленді.

Алматы Кәсіпкерлер палатасы мен Нархоз Университетінің өкілдері ғылыми ынтымақтастықта (зерттеулерде, ғылыми-практикалық ақпарат пен тәжірибе алмасуда) біріне бірі жәрдемдеседі, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асырады, ғылыми симпозиумдар, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары және басқа да іс-шараларды ұйымдастырып бірігіп өткізбекші.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер