«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Үздік бол, үлгі бол! Байқауға қатысуды жіберіп алмаңыз!

2025 жылғы 19 Мамыр
- Жамбыл облысы
320 просмотров

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы колледжтер, кәсіпорындар мен өндірістік шеберлер арасында «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы ұйымдастырған байқауға құжаттар қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Байқаудың мақсаты – Қазақстанда білікті жұмысшы кадрларды даярлау бойынша үздік тәжірибелерді анықтау және қолдау.

Байқау кезеңдері:
I кезең – өңірлік: 2025 жылғы мамыр – маусым
II кезең – республикалық: 2025 жылғы қыркүйек – қазан

Байқау номинациялары:
Жұмысшы кадрларды даярлауға қатысушы үздік кәсіпорын

Жұмысшы кадрларды даярлайтын үздік колледж

Өндірістегі үздік тәлімгер (наставник)

Қалай қатысуға болады?
Қатысу үшін келесі құжаттарды электрондық түрде тапсыру қажет:

Өтінім (1-қосымша нысаны бойынша)

E-портфолио (2-қосымша құрылымы бойынша)

Құжаттардың сүйемелдеу топтамасы

Құжаттар үміткердің орналасқан жері бойынша тиісті өңірлік кәсіпкерлер палатасына электрондық түрде жіберіледі.

Жамбыл облысының қатысушылары үшін құжаттарды келесі сілтеме арқылы жіберуге болады:

Өтінім нысандары мен қажетті құжаттар тізімі «Атамекен» ҰКП ресми сайтында орналастырылған: atameken.kz

Жеңімпаздарды анықтау
Әр өңірде білім беру, бизнес және қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған байқау комиссиясы құрылады.
Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары 2025 жылдың күзінде өтетін республикалық финалға жолдама алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер