«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес-қауымдастық бастамасы нәтиже берді – Алакөлге субсидияланған рейстер жолға қойылды

2025 жылғы 02 Маусым
2222 просмотров

SCAT әуе компаниясы Қазақстанның танымал туристік бағыттары – Үржар, Үшарал және Балқашқа субсидияланатын рейстерді іске қосты. Бұл бастама – кәсіпкерлер, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен салалық мемлекеттік органдардың жүйелі жұмысының нәтижесі.   

Үржар әуежайынан алғашқы рейс кеше, 1 маусымда сәтті орындалды. Ұшулардың іске асуына жанар-жағармай қоймасының жедел пайдалануға берілуі сеп болды. Рейстер 31 тамызға дейін күн сайын Алматы–Үржар және Астана–Үржар бағыттарында орындалады.

Үшарал бағыты бойынша алғашқы рейс бүгін, 2 маусымда орындалды: Алматы–Үшарал рейсі 07:10-да, Астана–Үшарал рейсі 11:30-да ұшты. Айта кету керек, рейстер техникалық себептерге байланысты бір күнге кешіктірілген.

Балқаш әуежайындағы жағдай инфрақұрылымдық шектеулерді жоюмен байланысты шешімін күтуде. Рейстердің ашылуы алдағы аптада жоспарлануда.

Осылайша, 2025 жылғы туристік маусымның негізгі міндеттерінің бірі – қолжетімді әуе билеттерімен қамтамасыз ету және баға тұрақтылығын сақтау өз шешімін тапты. Бүгінгі күнге дейін «Атамекен» ҚР ҰКП нақты қадамдар жасады. Палатаның бастамасымен өткен шұғыл кеңестен кейін Алакөл бағытына билеттер қажетті онлайн-платформаларда сатылымға шықты. Тендердің жеңімпазы – SCAT әуе компаниясы – 28 мамырда билеттерді сатуды бастады. Рейстер туралы ақпаратты ҚР Көлік комитеті, SCAT компаниясы және облыс әкімдігі ресми түрде растады.                


Еншілес ұйымдар

Серіктестер