«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулымен кездесу өтті

2025 жылғы 28 Мамыр
- Алматы қаласы
538 просмотров

28 мамыр күні «Атамекен» Алматы өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Атамекен» ӨКП басшылығы мен АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін ханым, сондай-ақ Консулдықтың өкілдері Джон Мак Грегор. Елена Переходамен кездесу өтті.
Іскерлік кездесуге «Атамекен» Алматы ӨКП атынан палата директоры Шыңғысхан Маманов, директордың орынбасары Алибек Уразов, салалық бөлімдердің басшылары Жармұхамед Сұлтанов пен Олег Руденко қатысты.
Кездесу барысында АҚШ маркетплейстерінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қолдау көрсету, Алматы қаласының инвестициялық мүмкіндіктері, шетелдік әріптестерге арналған ATAMEKEN Club жобасы, визалық қолдау мәселелері мен АҚШ-тағы қазақстандық инвестициялардың перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар, америкалық бизнес қауымдастығымен тікелей байланыс орнату жолдары мен екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер