«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Райымбек Баталовтың Туризм күнімен құттықтауы

2025 жылғы 26 Қыркүйек
570 просмотров

27 қыркүйекте бүкіл әлем бойынша Туризм күні аталып өтеді!

Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) шешімі бойынша 2025 жылғы Туризм күнінің ұраны – «Туризм және тұрақты трансформация».

Туризм – бұл үнемі өзгерістерге ұшырап отыратын сала, әсіресе қазіргі ақпараттық технологиялар мен цифрлық өнімдер қарқынды дамыған заманда. Сондықтан да тұрақты даму қағидаттары туризм саласы үшін аса маңызды.

Бұл күні өзінің кәсіби мерекесін туристік саланың барлық өкілдері атап өтуде.

Осы орайда Ұлттық палата атынан сіздерді – туризм Комитетінің мүшелері, аккредиттелген қауымдастықтардың, өңірлік салалық кеңестердің өкілдері және осы күрделі, дегенмен сұранысқа ие салада еңбек етіп жүрген барлық кәсіпкерлерді шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер өз еңбектеріңіз арқылы еліміздің экономикасына үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашып отырсыздар. Ең бастысы – саяхат арқылы адамдарға қуаныш, ұмытылмас әсер мен эмоция сыйлайсыздар.

Құрметті достар! Осы жолда табыс пен сәттілік серіктеріңіз болсын! Әлемдік туризмнің заманауи трендтерімен қатар қадам басып, Қазақстан туризмі саласында үздік туристік өнімдер жасап шығаруға тілектеспін. Сіздерге мықты денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін!

 

Құрметпен, «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы

Райымбек Баталов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174