«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП Эксперттік топтың отырысында бизнестің негізгі мәселелерін атап өтті

2025 жылғы 26 Қыркүйек
353 просмотров

2025 жылғы 26 қыркүйекте бизнестің өзекті мәселелерін қарау жөніндегі Эксперттік топтың алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға барлық мүдделі мемлекеттік органдар қатысты. Олардың қатарында Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі, Құрылыс істері комитеті, «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАО өкілдері және басқа да мемлекеттік органдар, сондай-ақ кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері болды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің алдында тұрған ең өзекті мәселелерді талқылауға ұсынды. Жүргізілген талдамалық жұмыстың нәтижесінде Эксперттік топқа жедел қарауды талап ететін 19 негізгі проблемалық мәселе жолданды. Отырыста соның ішінде 8 мәселеге ерекше назар аударылды: оның 5- жер қатынастары мен құрылысқа, 2-сауда саласына және 1- мұнай-газ саласына қатысты болды.

«Талқылауға шығарылған мәселелер кәсіпкерлердің күнделікті қызметінде кездесетін нақты қиындықтарды көрсетеді. Оларды дер кезінде шешу бизнес дамуына, инвестициялық тартымдылыққа және еліміздегі іскерлік ахуалға тікелей әсер етеді», – деп атап өтті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі - Төралқа Төрағасы хатшылығының басшысы Мұрат Қарымсақов.

Отырыста көтерілген басым проблемалардың ішінде жер учаскелерінің мақсатын айқындаудағы даулы жағдайларды болдырмау үшін жердің нысаналы мақсатының жіктеушісін әзірлеу қажеттігі; адал жер пайдаланушыларға берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алу фактілері; жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялау кезінде баға белгілеу нормаларының сақталмауы; омарташылық шаруашылықтарының жерлерін алып қою қаупін тудыратын құқықтық олқылықтар; сондай-ақ жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін қайта қарау қажеттігі аталды.

Барлық қаралған мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдар, ведомстволық ұйымдар және бизнес өкілдерінің қатысуымен жан-жақты талқылаулар өтті. Нәтижесінде, соның ішінде заңнамалық деңгейде қарауды қажет ететін ұсыныстар әзірленді. Ал шешімі табылмаған мәселелер бойынша қосымша талқылаулар жүргізу туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174