«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақмола облысында шетелдік инвестормен кездесу өтті

2025 жылғы 09 Қазан
- Ақмола облысы
231 просмотров

Кездесуге «AKMOLA INDUSTRY» басқарушы компаниясының, сондай-ақ «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Жиын барысында қатысушылар шетелдік серіктестерге Ақмола облысының инвестициялық ахуалы туралы ақпарат беріп, өңірлік индустриялық аймақтардың орналасуы мен артықшылықтары туралы егжей-тегжей айтты.

Атап айтқанда, елорда маңындағы Аршалы ауданында орналасқан «Aqmola» индустриялық аймағына ерекше назар аударылды. Аймақ 1 мың гектар аумақты алып жатыр және заманауи өндірістік кәсіпорындарды салу үшін барлық қажетті инженерлік инфрақұрылымға ие. Қазіргі кезде индустриялық аймақ аумағында 1,1 трлн теңгеден астам сомаға инвестиция тарта отырып, жеті жоба іске асырылып жатыр.

Атап өтілгендей, осы кластердегі өндірістік қуаттардың шоғырлануы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу, логистика және онымен байланысты салаларды дамытуға қуатты мультипликативті әсер етеді. Бұл өз кезегінде өңірдіе экономикалық өсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға қосымша серпін береді.

«FamSun» компаниясы өкілдерінің айтуынша, астық қоймалары мен элеваторларға арналған жабдықтар шығаратын зауыт салу жобасын үш кезеңде іске асыру жоспарланған. Жоба аясында 500-ден астам жұмыс орны құрылып, жалпы инвестиция көлемі 50 млн долларды құрайды. Бірінші кезеңді іске асыру 2026 жылдың басына – 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі бірлескен жұмыс туралы, оның ішінде қажетті құжаттаманы жинау және жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін ұсыну жайында уағдаласты.

«FamSun» компаниясы қазақстандық нарыққа бөтен емес. Алғашқы жобалар 2004-2005 жылдары жүзеге асырылған. Компанияның Қазақстандағы ірі серіктестерінің қатарында «Айтас KZ», Altyn Astyk Group, «Алель Агро» құс фабрикасы, «Атамекен-Агро» холдингі, «Новоишим астық» компаниясы, Green Gold Ilichevka ASTYK және басқалары бар. Біз өз тарапымыздан инвесторға жан-жақты қолдау көрсете отырып, осы жобаны одан әрі сүйемелдеуге ниеттіміз», - деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174