«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасында электр энергиясы бойынша даулы есептеулер талқыланды — бизнеске әділдік орнатуға көмектеседі

2025 жылғы 12 Қараша
- Ақтөбе облысы
346 просмотров

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында ТОО «Кентроник» компаниясының тұтынған электр энергиясы үшін есептеулер мен ТОО «Энергосистема» арасындағы келіспеушіліктерге қатысты өтінішін қарау бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиынға Палата директорының орынбасары Руслан Куйшинов төрағалық етті.

Іс-шараға Палата директорының орынбасары Владимир Сухорученко, ТОО «Кентроник» және ТОО «Энергосистема» өкілдері, сондай-ақ Энергетика министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшысы Марат Мунайтбасов қатысты. Талқылау барысында тараптар электр энергиясын пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген) нормаларын қолдану, есептеу тәртібі мен даулы жағдайларды реттеу тетіктерін жан-жақты қарастырды.

Талдау қорытындысы бойынша, ТОО «Кентроникке» жасалған қосымша есептеулер ток трансформаторы коэффициентін дұрыс қолданбаудан туындағаны анықталды. Есептеудегі жіберілген қателік үшін жауапкершілік энергиямен жабдықтаушы ұйым — ТОО «Энергосистема» мойнына жүктеледі. Сонымен қатар, үш жылдық қайта есептеу мерзімі негізсіз және қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы деп танылды.

Егер мәселе белгіленген тәртіпте шешілмейтін болса, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы оны Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында қарауға бастама жасайтын болады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Кәсіпкерлер палатасы аталған жағдайға құқықтық баға беру туралы өтінішпен Энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментіне ресми хат жолдайды.

Сонымен қатар, ТОО «Энергосистемаға» электр энергиясын пайдалану қағидаларының 61-тармағына сәйкес есептеулерді қайта қарау мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Аталған тармаққа сәйкес, коммерциялық есепке алу тұтынушының кінәсінен бұзылмаған жағдайда, қайта есептеу мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

Есептеулерді егжей-тегжейлі талдау және мәселені түбегейлі шешу үшін тараптар барлық мүдделі ұйымдардың қатысуымен қосымша кездесу өткізуге уағдаласты.

«Палатаның басты міндеті — тек өтініштерді тіркеу емес, бизнестің және қызмет көрсетушілердің арасындағы мәселелерді әділ әрі құқықтық жолмен шешуге ықпал ету. Біз кәсіпкерлер мен мемлекеттік құрылымдар арасында конструктивті диалог орнатуға көмектесеміз», — деп атап өтті Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Руслан Куйшинов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174