«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда «Жыл кәсіпкері – 2025» анықталды

2025 жылғы 22 Желтоқсан
- Атырау облысы
271 просмотров

Махамбет Өтемісов атындағы облыстық драма театрында «Жыл кәсіпкері – 2025» өңірлік байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Дәстүрлі жыл сайынғы байқау қорытындысы бойынша облыстың бизнес саласындағы үздік өкілдері 11 номинация бойынша марапатталды.

Іс-шара Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан ұйымдастырылды. Оған қала мен аудан кәсіпкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, даму институттары және Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Марапаттау рәсімін ашқан Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңір экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін іскерлік қауымдастыққа алғыс білдіріп, кәсіпкерліктің елдің орнықты дамуы үшін маңызын атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік мемлекеттің негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтеді. Бүгінде облыста шамамен 70 мыңға жуық бизнес субъектісі жұмыс істейді. Олар 2,4 трлн теңгенің өнімін өндіріп, 140 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл – өңір экономикасын нығайтуға қосылған қомақты үлес. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында кәсіпкерлікке жүйелі қолдау көрсетілуде: жалпы сомасы 12 млрд теңгеден асатын жобалар қаржыландырылды, бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады», – деді облыс әкімі.

Биыл байқауға 150-ден астам өтінім келіп түсті. Жеңімпаздар мен лауреаттар 11 номинация бойынша анықталды.

Кәсіпкерлерге марапаттарды облыс әкімі Серік Шәпкенов, облыстық мәслихат төрағасы Мұса Хайруллиев, облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Данияр Орынбасаров, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев және қоғам өкілдері табыстады.

2025 жылғы байқау жеңімпаздары:
•    «Үздік жас кәсіпкер» номинациясы — «Social» ЖК иесі Райымбек Тұрланбеков;


•    «Үздік жас көшбасшы» — «EDYGE» ЖШС басшысы Едіге Кенжинов;


•    «Отбасылық бизнес» — «Нұр-Ай» кемпингінің иесі Құралай Жалғасбаева;


•    «Сауда саласындағы үздік» — «Infinity Mall» СОО директоры Айнұр Буралкинова;


•    «Қызмет көрсету саласындағы үздік» — «MM Project» ЖШС басшысы Рүстем Қабдол;


•    «Үздік өндіруші» — «Қасхим» ЖШС басшысы Этибар Маммадов;


•    «Үздік әлеуметтік кәсіпкер» — «Тілашар» ЖК иесі Гүлзираш Бақтыгереева;


•    «Үздік әйел-кәсіпкер» — «Сандуғаш» шаруа қожалығының иесі Сандуғаш Жармұхамбетова;


•    «Бизнестану – Әлия» номинациясы — жеке кәсіпкер Бибігүл Жұбаева;


•    «Үздік жұмыс беруші» — «Ярмарка» сауда желісінің басшысы Қайрат Қаршыгин.


Байқаудың басты жүлдесі — «Жыл кәсіпкері – 2025» атағы — Атырау облысы экономикасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «TEXOL Group» ЖШС басшысы Шота Абхазаваға берілді. Компания өңірде бірқатар маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, жұмыс орындарын ашып, өнеркәсіпті дамытуда, әсіресе мұнай-газ секторы үшін жылжымалы құрамға қызмет көрсету және жөндеу саласында.


Сондай-ақ салтанатты іс-шара барысында бірқатар бизнес өкілдері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға қосқан үлесі үшін облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың алғыс хаттарымен марапатталды.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174