«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл өңірінің жарқын бейнесі

2016 жылғы 11 Тамыз
- Жамбыл облысы
9277 просмотров

12 тамызда Жамбыл облысында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді

Үш аталым бойынша үздік тауарларды іріктейтін сарапшылар назарына өз өнімін ұсынуға 72 кәсіпкер өтініш білдірген.

Олардың ішінде – «Қазфосфат» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ, «Жамбыл Цемент Өндіру Компаниясы» ЖШС, «ZhambylKeramzitCompany» ЖШС сынды нарықта үздіктер қатарынан танылып жүрген ірі компаниялар, сондай-ақ, байқауға алғаш рет қатысып отырған – «Метелица» мұздатылған жартылай фабрикаттарын өндіруші  «Кан В.Р.» ЖК, автоматтандырылған цехта қымыз өндіретін «Заң» ЖШС,  битум қоспасын, асфальт, қиыршық тас, құм және басқа да өнім өндіретін «Katsa» ЖШС бар.

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына азық-түлік, киім және аяқ киімдер, жиһаздар, перделер, кәдесыйлар, әшекейлер, қуыршақтар және тағы басқа өнімдер қойылады.

Сонымен қатар, өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкер әйелдер арасында «Іскер әйелдер кеңесінің жыл жаңалығы» атты қосымша байқау өтеді. Сарапшылар тобы нәзік жандардың өнімін бағалап, арасынан үш жеңімпазды анықтайтын болады.

Байқаудың ақпараттық серіктесі – «77 TV» телеарнасы көрме-байқау өтетін «Arai plaza» бизнес-орталығының залында LED-дисплейден шараның тікелей көрсетілімін ұйымдастырады. Сондай-ақ іс-шарада Жамбыл облыстық филормониясының танымал орындаушылары мен бишілері өнер көрсетеді.

Байқаудың ресми бөлімі аяқталып, жеңімпаздар анықталғаннан кейін, барлық тілек білдірушілерге қалаған тауарын арзан бағаға сатып алуға мүмкіндік беретін  жамбылдық кәсіпкерлердің жәрмеңкесі басталады.

Өңірлік көрме-байқау 12 тамыз күні сағат 09:00-де «Arai plaza» бизнес-орталығында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер