«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдаймыз: «Жамбылгипс» АҚ

2016 жылғы 18 Қазан
- Жамбыл облысы
8004 просмотров

«Жамбылгипс» АҚ – өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының «Үздік өндірістік тауарлар» аталымының екінші дәрежелі дипломының иегері

Жамбыл гипс зауыты 1960 жылы салынған. Ол цемент дайындау кезінде қолданылатын негізгі заттарды – гипс тасын, сылақ жұмыстарын жүргізуге арналған құрылыс гипсі мен тұтқыр гипс бұйымдарын шығарып келді.

Бүгіндк «Жамбылгипс» АҚ шикізаттық бағыттан өрісін ұзарта түскен. Қазіргі таңда кәсіпорын терең өңдеу арқылы дайын өнім шығарады және құрылыс гипсін, соның негізінде «Гипсополимер» құрғақ құрылыс қоспасын, гипсокартон, гипстен жасалған плиталар шығаратын ірі өндірушілердің бірі. Кәсіпорынның өндіріске арналған қуатты шикізат базасы мен соған сай келетін техникасы мен құрал-жабдықтары бар.

Бүгінде компания инвестициялық жобаны іске асыруда. Соның шеңберінде құрғақ құрылыс қоспаларын, ақтас, перлит, тұтқыр гипс шығаратын зауыт салынып жатыр.

Кәсіпорын көптеген байқауларға қатысқан. ИСО 9001-2009, 14001-2006, OHSAS 18001-2008 талаптарына сәйкес сертификатталған.

Кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыс істейді, өнімдер Ресей мен Қырғызстанға экспортталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер