«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қабілетті анықтайтын тест

2017 жылғы 06 Сәуір
- Жамбыл облысы

Жамбыл облысының 6 ауданында «Bastau Бизнес» бағдарламасы бойынша оқимын деушілерді тестілеуден өткізді

 3-4 сәуір аралығында Жамбыл облысы бойынша «Bastau Бизнес» бағдарласына қатысуға ынта берген азаматтарға кешенді тестілеу өткізіліп, олардың кәсіпкерлікке деген қабілеттілігі анықталды. Тестілеуден өткен адамдар кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша бір айлық тегін курс оқуларына қатысу мүмкіндігін алады. Тестілеудің қорытындысы бір апта ішінде белгілі болады.

Негізгі оқу бағдарламасы 9-10 сәуірге жоспарланған. «Тестілеуге қатысуға 499 өтінім түскен. Жоспар бойынша осы жылдың аяғына дейін аталмыш курс бойынша 1125 адам білім алып шығады. Қатысушылардың жасы әр түрлі, демек студенттерден бастап, зейнеткерлер де қатыса алады», – деді Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы Диана Түкпекова.  

Мәселен, Байзақ ауданының 57 жастағы тұрғыны Шохайхан Асанов кәсіп бойынша білімін жетілдіріп, мемлекет бағдарламасымен неисе алыпсүт бағыттындағы ірі қара мал тұқымын өсірмек ойы бар. Бірінші лекте тестілеуден өте алмай қалғандар, келесі рет өтінім білдіре алады, немесе «Бизнес-Кеңесші» сынды басқа курстарға қатыса алады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер