«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау Бизнеспен» орындалған арман

2017 жылғы 01 Тамыз
- Ақмола облысы
7974 просмотров

Атбасар ауданының тұрғыны жеке кәсібін бастауға қаражат алды

Бүгінде бизнесті жүргізу бастамасы мемлекет тарапынан төмен мөлшердегі несие беру арқылы қаржылай да, «Бастау Бизнес» жобасымен оқыту арқылы да қолдау тауып отыр.

Ауылдағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар «Бастау бизнес» жобасы арқылы бір ай бойы кәсіп жүргізудің қыр-сырын меңгереді. Бүгінде бұл жоба Ақмола обылсының Астабсар, Бұланды, Зеренді, Ерейментау және Шортанды аудандарында оқытылып жатыр.

Аталған жобаға қатысқан Татьяна Дехтяренко – Мариновка ауылының тумасы. Бизнес-жоспарын іске асырғысы келгендердің қатарында Татьяна да бар. Ерекше атап өтітін бір жайт, бастамашыл келіншек төрт баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. «Бастау Бизнес» туралы естігенде мүмкіндігін жіберіп алмауға шешім қабылдаған. Үй шаруашылығын жүргізудегі аз ғана тәжірибесі бар Татьяна Дехтяренко құс өсірумен айналысуды қалаған.

Өзінің болжамының барлығын бизнес-жоспарға енгізе отырып, жобасын сәтті қорғағандар қатары көп емес. Ақмола облысы өңірлік палата филиалы қазметкерлерінің сүйемелдеуімен Татьяна Дехтяренко несие алу үшін қажетті құжаттарын жинап, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына өткізген.

«Уайымдап, қорытындысын тағатсыздана күттім. Менің жобамды екінші деңгейлі банктер мен қаржы институттары қарастырмаған еді», – деді кәсіпкер.

Жылына 6% мөлшерлемемен 1,5 млн теңге алған кәсіпкер қаражатты түгелдей «Береке» бағдарламасы бойынша құс шаруашылығымен айналысуға арнады. Осылайша  қаздың бір апталық 700 балапанын сатып алды.

«Береке» мемлекеттік бағдарламасы – 50 ауылда жүзеге асырылып отырған бірегей жоба. Бағдарлама ережесі: ауылда тұратын жұмыссыз азаматтарға арналған, төмен мөлшерлемеде несие беріледі. Берілген қаражатқа мал (құс) мен жем сатып алынады. Мал өскеннен кейін бірнеше фермер бірігіп, барлығы бір жерге қосады. Осылайша ірі кооперативтер құрылады.

Кәсіпкер Татьяна Дехтяренко арманын орындауға жәрдемдескен жоба ұйымдастырушылары мен өңірлік палата қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Біз идеясын жүзеге асыра білген қайсар келіншекке деген сеніміміз зор. Көп ұзамай жемісті нәтижесінің куәсі боламыз деп ойлаймын. «Бастау Бизнес» жобасы басталғалы бері біздің ауданда 92 адам білім алып, барлығына да сертификаттар табысталды. Негізгі бағыт – ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал, құс өсіру мен бөлшек сауда, қызмет көрсету салалары қамтылған. Бүгінде бағдарламаның төртінші легі өтіп жатыр», – деп хабарлады Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Атбасар ауданы филиалының директоры Роза Тасмагамбетова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер