«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мегаполистің бастамашыл жастары аз қамтылған отбасыға қолдау көрсетті

2019 жылғы 27 Мамыр
- Алматы қаласы
11072 просмотров

Алматылық студенттер «Менің Атамекенім» жобасына қосылды

 «Менің Атамекенім» жобасы қарқын алып келеді, қазір оған кәсіпкерлер ғана емес, сондай-ақ басқа жандардың мұқтаждығына немқұрайлы қарай алмайтын азаматтар да белсенді түрде қосылуда. Осы аптада Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің студенттері де мұқтаж отбасыға қайырымдылық көмек көрсетуге атсалысты.

«Мен бұл жоба туралы экс-депутат, белгілі блогер Тәңірберген Бердоңғаровтың инстаграмдағы парақшасынан көрдім. Мен аtamekenim.kz сайтына кіріп, ондағы көмек көрсеткім келетін отбасыны таңдадым. Мен айналамдағыларға жиі көмектесіп жүремін, ал бұл жолы қасиетті Рамазан айында маған тағы 10 танитын студент достарым қосылды. Біз-кәсіпкерлер емеспіз, алайда айналамыздағыларға жақсы істер жасағымыз келеді», – деп айтты өзіңіз іс-әрекеті туралы 3 курс студенті Жәнібек Жаппаров.

Студенттердің таңдауы 2015 жылы орын алған қайғылы оқиғаны бастан кешірген Оразбаевтар отбасына түсті. Сол сәтте үйде газ баллонының жарылуы оларды баспанасыз қалдырған. Бір жақсылығы отбасында ешкім жарақат алмаған, алайда содан бері Оразбаевтар отбасы  жалдамалы пәтерлерде жүр.

«Біз Алматы облысының тумаларымыз, төрт баланы тәрбиелеп отырмыз. Осы жылдың наурыз айында күйеуімді көлік қағып кетті, өрттен кейін үлкен ұлымның денсаулығы да нашарлады. Мен тек жақында ғана жұмысқа орналастым, жетіспеушіліктін зардабын шегудеміз. Мен балаларға көмек көрсеткені үшін алғысымды айтамын», – деп Жанна Оразбаева өз жай күйін жеткізді.

«Менің Атамекенім» жобасы халықтың жүйелі және атаулы әлеуметтік мәселелерін анықтауға бағытталған. Өмірде қиын жағдайға тап болған кез келген адам «Менің Атамекенім» порталына кіріп, өз мәселесі туралы айтып бере алады. Сайтта «Маған көмек қажет» батырмасы бар, оны басқан кезде сауалнама нысаны бар терезе пайда болады. Оны жүктеу, басып шығару және толтыру қажет. Толтырылған сауалнаманы сканерлеп және сайтқа жүктеу керек. Мұқтаждарға көмек көрсеткісі келетіндер үшін «Көмек бергім келеді» батырмасы қарастырылған. Сондай-ақ, өтініштерді whatsapp-қа +7 776 333 77 66 нөмірі арқылы жіберуге болады. «Менің Атамекенім» платформасының арқасында жомарт азаматтар қиын жағдайға тап болған адамдар туралы біле алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер