«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкент қаласында алғашқы «Атамекен» қолдау орталығы» ашылды

2019 жылғы 24 Шілде
- Шымкент қаласы
13449 просмотров

Бүгін Шымкент қаласында «Атамекен» қолдау орталығы» жұмыспен қамтудың мобильді орталығы өз жұмысын бастады.

Әл-Фараби алаңы аумағындағы алғашқы мобильді орталықтың ашылуы қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова және Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қәбіштаевтың қатысуымен өтті.

Жұмыспен қамтудың мобильді орталығында 5 маман (жеке қабілетті дамыту кеңесшісі, 2 менеджер-кеңесші және 2 көшпелі менеджер-кеңесші сұхбат алушы) жұмыс істейді.

 Менеджер-кеңесшілер келушілерге келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

-өтінім берушінің мамандығы және кәсіби деңгейіне сәйкес келетін жұмысты табу;

-жаңа мамандықты алу. Клиенттер қысқа мерзімді оқу курстарына жазыла алады («Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде), курстар кәсіпорындар базасында орналасқан. Осындай оқу екі айдан алты айға дейін жалғасады, тыңдаушыларға шәкіртақы және ары қарай жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.   

 -«Жас кәсіпкер» жобасына қатысу. 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар кәсіпкерлік негіздері курсына жазыла алады. Оқу 1 ай бойы жүреді. Жоба қорытындысы бойынша қатысушыларға бизнес-жоспар құруға көмектеседі, қаржыландыру алуға қолдау беріліп, ары қарай бизнес жүргізуде сүйемелдеу көрсетіледі.

-«Бастау» жобасына қатысу. Жас ерекшеліктеріне қарамастан өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыздар бір айы ішінде бизнес жүргізудің негізгі дағдыларын үйренеді,  кәсіп ашып, немесе қолдағы бизнесті кеңейтуге микронесие алуға мүмкіндік алады.

«Бұл орталықтардың ерекшеліктері онда жеке қабілетті дамыту кеңесшілері жұмыс істейді. Мамандар өтінім бергендердің түрлі мамандықтарға қабілеттерін, кәсіпкерлікпен айналысуға әлеуеттерін тексеріп, бағыт-бағдар береді. Ол үшін келушілер әңгімелесуден өтіп, тестілерді тапсырады. Осының барлығын өткен келушілер «Жас кәсіпкер» және «Бастау» жобасына қатысуға жіберіледі. Ар қарай өтінім берушілер микронесие алып, кәсіп бастауға мүмкіндік алады», – деді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев.

 Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы барлығы 10 мобильді орталық ашады (енді 9 орталық 2019 жыл тамыз айында ашылады). Орталықтар көпшілік шоғырланған жерлер, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар көбірек орналасқан аудандарда: базар және вокзалдар маңы, қозғалысы қарқынды көшелер мен тұрғыны тығыз аудандарда ашылады.

  Естеріңізге салсақ, жобаны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы халықты жұмыспен қамтылуына көмектесу және жұмыссыздықтан қорғау, сонымен қатар қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру мақсатында жүзеге асыруда. Пилоттық режимде «Атамекен» қолдау орталықтары» – Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы және Шымкент қаласында іске қосылады.

 

 

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер