«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік даму картасы бизнеске жасалған көмек

2015 жылғы 23 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
15449 просмотров

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Аралбекова Қарлығаш өңірдің әлеуеті мен өңірдің бизнесін дамыту картасындағы Жамбыл облысы бизнесінің шынайы жағдайы  жайлы ойымен бөлісті.

-   Дәл қазіргі таңда өңірдегі экономикалық жағдай қандай?

-  Біріншіден, мұны өңірдің барлық бизнесмендері атап көрсеткендей, экономиканың барлық саласында айналымның 10-20%-ға төмендеуі байқалады. Бұл көп мөлшерде Ресей тарапынан болып отырған бәсекелестік әсерінен туындап отыр, енді оған Қырғызстан қосылады. Мемлекет басшысы айтқандай, қиын кезең туындады. Және бұған бизнесмендер дайын болуы керек. Бүгінгі күні бизнесмендер туындаған қиын жағдайдан шығудың жолдарын қарастырып, өнімнің өзіндік құнын, шығындарды мүмкіндігінше төмендетіп, өз өнімін экспортқа шығарудың жолдарын іздестіруде. Олар Кәсіпкерлер палатасы экономикалық жағдайға ықпал етіп, туындаған барлық мәселелерді бірден шешеді деп, бізге көп үміт артады. Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы да бұл мәселеден тысқары қалмайтынын айтып, сендіргім келеді. Біз күн сайын үлкен талдау жұмыстарын жүргізіп, бизнеске тегін сервистік қолдау түрінде практикалық көмек көрсетеміз. Министрліктермен келіссөздер жүргізіп, аграрлардың қиын мәселелерін шешеміз, кәсіпкерлер үшін олардың шығындарын азайтуға көмек ретінде коммуналдық қызмет көрсету бойынша тарифтерді төмендетуге жұмыс істеудеміз. Аталған жұмыс үздіксіз жүргізіледі. Әрине, бизнесмендердің барлығы бірдей бәсекелестікке тойтарыс бере алмайды, сондықтан да кейбіреуі тіпті бұған дайын да емес. Кейбіреулерінің қарапайым шыдамдылығы жетпей жатса, кейбіреуі осы жылы бюджетті экономикалау салдарынан мемлекеттік тапсырыс болмай жұмыссыз қалып отыр.

-    Яғни бәсекелестердің әсері өңірдің бизнесінде келеңсіз көрініс тапты ғой?

-   Бұл оны қабылдауға қарай. Егер бұған оптимистік тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл біздің бизнесмендерімізді ширатқан сияқты. Себебі бизнес айдынында қалу үшін көбісі ізденіп, бәсекегеқабілеттілікті арттырудың жаңа жолдарын қарастырады, өз бизнесінің даму бағытын қайта қарастыруға мүмкіндік алады. 

-  Сіз талдау жұмыстарын сөз қылдыңыз, оның нақты нені қарастыратынын түсіндіріп  берсеңіз?

-  Біз өңірдегі кәсіпкерлік туралы айтамыз, алайда бізде әлі күнге дейін бизнес субъектілерінің нақты саны, олардың гендерлік құрамы туралы мәліметтер жоқ. Статистикалық мәліметтер бір нәрсені көрсетеді, ал салық органдарының мәліметтері басқаны көрсетеді. Ал біз анықтай бастаған кезде ЖК көрсетілген заңды мекенжай бойынша адамдар тұратын болып шығады, олар тіпті мұндай компанияның бар екенін де білмейді. Осы және тағы да басқа мәселелер Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен шешілуде. Біз Жамбыл бизнесі туралы нақты мәлімет алу мақсатында  және біздің өңірдің мамандануын анықтауда  көлемді  зерттеулер жасаудамыз..

-  Сонымен бірге қандай әдістер мен құралдар қолданылуда ?

-  Біз сауалнама жүргізудеміз. Кәсіпкерлер біздің палатаға келген бетте, бірінші, оларға сұрақтар қоямыз. Сонымен қатар кәсіпорындарға барып., сол жерде сауалнама аламыз. Әрине, бұған барлық бизнесмендер түсіністікпен қарайды деп айта алмаймыз, өздерінің ойы жұмыс орнын қалай сақтап қалу, айлық жалақыны қалай кесіп тастамау керектігімен болып жүргенде, сауалнаманы толтырудың қандай қажеттілігі барын түсінбей жатады.

 Бүгінгі күні біз «АИРИ» ЖШС жобалық офисімен бірлесе отырып жұмыс істейтін 105 ірі және орта  кәсіпкерлерді, 500-ге тарта ықтимал бизнесмендерді жандандырып және сауалнама алдық, бұл жұмыс үнемі жүргізіліп отырады. Біз тек сауалнама алып қоймай, өңірдің тарихи мамандану есебіне сараптама жасағымыз келеді. Себебі бұрын облыста , мысалға, көптеген жүзім алқабы болған. Кезінде шарап жасау жұмысы өте дамыған болатын, ал қазір ол мүлдем  жоқ. Сонымен қатар облыс қандай шикізатқа бай екендігінде, ал бар болса оны өндіру мен өнеркәсіп салу тиімді ме , соны да  зерттеп жатырмыз. Бұл жұмыстарды жылдың аяғына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде Жамбыл облысының Кәсіпкерлікті дамыту картасын  жасаймыз, ол біздің өңірдің бизнесін дамыту үшін жағдайы мен әлеуетін, мамандануын, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің нақты  құрамы мен санын, өңірдің әлеуетті өсімдері мен жасырын резервтерін есепке ала отырып бизнесті дамытудың келешекке деген бағытын анықтауға мүмкіндік береді.     

-   Мұндай зерттеулер тек Жамбыл облысында ғана жүргізілуде ме?

-  Бүгіні таңда барлық Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы осындай жұмысты жүргізуде. Нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудың 16 өңірлік картасы жасалатын болады. Соңында әр өңір бойынша барлығына қолжетімді ,толықтай экономикалық мәліметтерді және аналитикалық шолуды көрсететін республикалық кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай өңірлік картасы қалыптастырылады. Сонымен қоса, мемлекеттік даму бағдарламасы аясында қолдау қарастырылатын дамытудың келешектегі бағыты, жобалық бастамалар да есепке алынады. Бизнесмендер біздің жасап жатқан жұмыстарымызға түсіністікпен қараулары тиіс, себебі бұл болашақта біздің облыстың бизнесін жүргізуді мейлінше жеңілдетеді, көптеген бизнесмендерге өз бизнесін дамытуға көмек болады. Кәсіпкерліктің даму картасын жасауда бәсекелестердің де мүмкіндігі, олардың ұсынып отырған тауарлар тізімі мен қызметі, олардың әлеуеті де ескеріледі. Қолдауды тек сұранысқа ие және кіріс әкелетін салалар ғана ала алады.

 - Сіз қалай ойлайсыз, еліміздегі күрделі экономикалық жағдайда шағын кәсіпорын ашу тиімді ма немесе бюджетке көп салық аударатын ірі кәсіпорныдарға қолдау жасаған дұрыс па?

-  Менің ойымша, шағын және орта бизнес-бұл  біздің облыста болсын, сонымен қоса елімізде  болсын экономиканың негізі болап табылады. Президент өзінің Жолдауында басты мақсатты айқын көрсетті, яғни 2050 жылға 50% ЖІӨ, онда орта және шағын бизнес Үкіметпен бірге болуы керек. Сонымен қатар, біздің нарыққа  ауылшаруашылықтауарын өндірушілердің өнімін делдалсыз жеткізу үшін бізге ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту маңызды. сонымен қатар адами капиталды дамыту, білікті мамандарды даярлау, дуальдік білім беру мәселелері де Палатаның назарынан тыс қалмайды. Сонымен бірге, біз бүгінгі күні шағын және орта бизнеске қоладау мен көмек көрсетуге бағдарланған тегін сервистік қызмет көрсетудеміз.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер