«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қарлығаш Аралбекова: «Жұмысымыз нәтижелі болса дейміз»

2016 жылғы 24 Мамыр
- Жамбыл облысы
17285 просмотров

Жамбыл облысы өңірлік Кәсіпкерлер палатасының басшысы кәсіпкерлер шешім қабылдауға қатысу үшін қауымдастықтар бірігу керек деп есептейді

Бүгінгі күні кез келген жауапты істе неден бастау емес, сол істі кімнің қолға алатыны маңызды деген жиі айтылады. Талантты адам тіпті ең тартымсыз жобаның өзіне тың серпін енгізуге қабілетті. Және де, егер  бұған дейін «жауапкершілік», «біліктілік» ұғымдары үнемі тәжірибемен байланыстырылып келсе,  енді  талдау әдіснамасы мен шешім әзірлеудің, жаңа технологиялардың дамуымен бірінші орынға жасампаз энергия шықты. Міне, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова менеджменттің заманауи мектебі өкілінің дәл осы қасиеттеріне ие.  

Ол басқаратын ұжымның жұмыскерлері орташа алғанда отыз жаста. Ал иықтарында – кәсіби білімдердің едәуір жүгі бар, бірақ, дегенмен, әзірге саяси тәжірибелері жинақтала қоймаған. Алайда, бұл жайттың зиянынан пайдасы көп. Себебі осындай, әсірелемей айтқанда, маңызды қызметте тұрған, жұмысына бар ықыласымен берілген адамды басқаша көзге елестету қиын болар еді! Ал Кәсіпкерлер палатасы іспетті ауқымды жобада мұнсыз болмайды.

Қарлығаш Әмірқызы, облыста кәсіпкерліктің дамуын жалпы қалай бағалар едіңіз? Кәсіпкерліктің қандай түрлері басым және неліктен? Қандай секторда кәсіпкерлік белсенділікке қол жеткізуге болады немесе оның өсімін ынталандыру қажет?

– Бүгінде, жүріп жатқан дағдарысқа қарамастан, бизнес жұмысын жалғастыруда және де осының өзі жаман емес. Егер де кейбір тұста жаңа дүниелер жасалып жатса, әрине, бұл өте жақсы, бірақ, жалпы алғанда, салықтық базаны сақтап қалуға жұмыс істеудеміз. Себебі бұл облыстың бюджеті үшін маңызды және ең бастысы, бұл жұмыс орындарын сақтап қалу деген сөз. Жамбыл облысының бизнес құрылымында, әлбетте, агроөнеркәсіптік кешен басым.  Бүгінгі таңда облыс бойынша 67 378 жұмыс істеп тұрған бизнес субъектісі бар, олардың 99,4 %-ы – шағын бизнес, ол, негізінен, ауыл шаруашылығында – 60% және сауда саласында шоғырланған. Ал тиімділіктің күтілген дәрежеден төмендігі басқа әңгіме. Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге түрлі көмектер көрсетіледі, мемлекет субсидиялар бөледі, ауылдағы бизнес субъектілерінің саны өсіп келеді. Дегенмен, елеулі нәтижелер туралы айтуға әлі ерте.

– Мемлекеттің қолында осы процесті реттейтін құралдар жеткілікті ме?

– Жалпы, осы бағытта жақсы жұмыс жүруде, мысалы, біздің облыста екінші деңгейлі банктерге қарағанда қолдаудың негізгі бөлігін «ҚазАгро» қаржы институттары көрсетеді. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығына құйылған көлемді қаражат қандай да бір нәтиже көрсетуі тиіс болатын. Сол себепті ауыл шаруашылығын дамытудың тәсілін, біздің көзқарасымыз бойынша, өзгерту қажет. Проблема өндірістің ұсақ тауарлы сипатында болып отыр. Бізде 16 мыңнан астам шағын қожалықтың 3-4 гектардан жерлері бар. Ал, біздің қаржы институттарына ірі шаруашылықтарға қаражат салған пайдалырақ, сол себепті Палата бүгінгі күні ауылдықтарды кооперациялануға шақырып отыр.

– Сіздің пайымдауыңыз бойынша, ірі шаруашылықтарды біріктірудің артықшылығы неде?

– Мұндағы басты және маңызды тұс –  өнімнің өзіндік құнының төмендеуі. Айталық, 3-4 гектар жері бар фермерге, қалай болғанда да, шаруашылыққа қажетті техника керек. Бірақ, шағын егістік учаскесі үшін жеке дара сатып алу оған пайдасыз. Ең дұрысы,10 немесе тіпті одан да көп ұсақ шаруашылық  кооперация сол тракторды сатып алғаны оңай. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында 600 ұсақ тауарлы өндірісті бір кооперативке біріктіруге қол жетті. Бізде ұзаққа созылған сөз байласу жолымен сүт кластері аясында анағұрлым ірі кооператив – «Меркі өнімдері» құрылды, онда Меркі ауданының 42 шаруа қожалығы бар. Айтпақшы, осындай перспективаны көрген тағы 15-тей қожалық осы кооперативтің құрамына кіруге тілек білдірді. Адамдар бірлескенде ғана қаражатқа қол жеткізу және қажетті көлемдегі тұрақты өндірісті ұйымдастыру оңай екенін түсінді, сонда ғана қайта өңдеуші өнеркәсіп, сүт зауыттары тұрақты негізде келісімшарттар жасасатын болады. Жеке дара ұсақ тауарлы өндірістің тәуекелдері өте көп. Ондайлар банктен несие ала алмайды, өйткені көпшілігінің не дұрыс кепілдік базасы жоқ, не болмаса несие тарихы сенімсіз, немесе тұрақты кірісі бар екенін дәлелдей алмайды.  Оған қоса, транспортқа, тауарды сақтауға кететін объективті шығындар бар, олар ұсақ тауарлы өндірістің бүкіл кірісін жеп қояды...

– Олай болса, енді несиелерді – ұйымдарға қалай беретін болады?

– Бұрынғы қателіктер ескерілді. Кооперация туралы жаңа заң фермерлерді кооперативке өз мүлкімен кіруге міндеттемейді. Несиені әркім өзі жеке қалауынша, бірлескен өндіріске қанша қаражат салғысы келеді, сонша алатын болады. Есесіне өнімдердің өнеркәсіптік көлемін жеткізуге қабілетті сенімді ірі тауар өндірушілермен кез келген табысты кәсіпкер, мейлі ол сүт зауыты, ірі сауда орны және тіпті несиелік ұйым болсын, ынтымақтасуға бейілді болады. Соның нәтижесінде, ауылшаруашылық кооперативі өз өнімінің кепілді көлемін өткізе алады. Тиісінше, кооператив органы пайданы уағдаластық бойынша – әрбір мүшенің үлесін есептей отырып бөледі. Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттің қолдауымен ауылдағы фермерлермен белсенді жұмыс жүргізуде, ең бастысы, бірлесудің кәсіпкерлердің өздері үшін де, сонымен бірге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де маңыздылығын түсіндіру жолын таңдадық.

– Көптеген жылдар бойы ауылда үлкен көлемді инвестицияларға қарамастан қайтарым аз және ресурстар тиімді пайдаланылмай келеді. Ауылдықтардың жаңа буыны – жастар жұмыссыз қалуда, олардың үлесті жерлері жоқ.

– Бүгінгі күні шаруалар, фермерлік шаруашылықтар тек кооператив құруға тілек білдірсе болды, Кәсіпкерлер палатасы оның барлық сатыдағы ұйымдастыру процесін сүйемелдеп отыруға дайын. Біз осы үшін құрылдық, сондықтан да ауылдықтар сенімді қорғауда болатындықтарын білуі тиіс. Біз келіссөздер әдісімен жаңа жобаларды ілгерілетуге қаржы институттарын тартуға қол жеткіздік. Оған қоса, бүгінде Кәсіпкерлер палатасы өзінің жергілікті микроқаржы ұйымын құру сатысында тұр.  Қазірдің өзінде ҰКП Басқармасының 300 миллион теңге бөлу туралы шешімі бар, қосымша облыстық мәслихат облыс әкімдігінің МКҰ жарғылық капиталына жанама қаржыландыру тәртібімен 288 миллион теңге бөлу туралы шешімін бекітті. Алдағы уақытта біз ауылшаруашылық жобаларын тікелей – екінші деңгейлі банктердің қатысуынсыз қаржыландыра аламыз, себебі біздің облыс үшін ауыл бизнесі маңызды мәнге ие. Әсіресе, ауылшаруашылық өндірісін табысты дамыту үшін бізге міндетті түрде ауылшаруашылық өнімдері бойынша көтерме сауда-тарату логистикалық орталықтарын құру қажет. Себебі кәсіпкерлер қойма және сақтау проблемаларымен жиі соқтығады. Маусым кезінде біздің оңтүстікте пияздың аз мөлшерін ешкім алмайды, ал есесіне мұндай партиялар Қазақстанның солтүстік бөлігі мен Ресейде сұранысқа ие, ол жақтан нарыққа алма, картоп, сәбіз және басқа көкөністер мен жемістер жеткізуді көп сұрайды. Ал, біз оған жауап бере алмаймыз, өйткені сенімді жеткізушілеріміз жоқ. Ұсақ фермер тауарын өз бетімен алыс қашықтыққа жеткізуге қабілетсіз. Бірақ, егер де осындай өнімді жинап, тұтынушыға жеткізетін орталық болса, айталық, темір жол вагондарымен дәл сондай логистикалық орталықтардағы серіктестеріне жеткізсе, онда  көлік шығындары екі есеге арзандайтыны сөзсіз.

 – Істің осындай деңгейі үшін, ең болмағанда ұйымдастырушылық жағынан, мемлекеттің қолдауы қажет пе? Себебі, ауылшаруашылық тауар өндірушілері ғана емес, сондай-ақ, жиһазшылар мен тігіншілер де, басқалары да өзі туралы тауарлық нарықтарда жар салуы үшін мемлекеттің немесе қандай да бір қауымдық ұйымның қолдауынсыз тығырықтан шыға алмайтын сияқты.

– Әзірге көптеген мәселелер мемлекеттің қолдауынсыз шешілмейді. Себебі тіпті адамдарды әңгімелесуге жинау үшін, оларды ұстанымдарын жақындату қажеттігіне иландыру үшін, бұл кәсіпкерлердің өз дамуының шарты екендігін дәлелдеу үшін, сол арқылы облыстың салалық өндірістік кластерлерін қалыптастыру үшн, кәсіпқой идеологиялық ақпараттық-сараптамалық аппараты бар мықты мінбер керек. Айталық, үш ай бұрын біз отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік сатып алуларда, сондай-ақ квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларында қолдау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Тимур Амантайұлы Жанке басқаратын  облыстық комиссия құрдық, мен оның қосалқы төрайымымын. Мұнда біз нақты бір тарапты лоббилаумен айналыспайтынымызды атап көрсеткім келеді, көбінесе жағдаятқа мониторинг жасаймыз: не және қайда жұмсалады, отандық тауар өндірушілердің мүдделеріне нұқсан келмей ме деген сияқты. Біздің басты құралымыз – идеология, сұхбатқа қатысушыларды сендіру. Таяуда біз Тараздың 58 мектебінің өкілдерімен, ата-аналар комитеттерімен және облыс тігіншілерімен бірыңғай мектеп формасын енгізу мәселелері жөнінде кездесу ұйымдастырдық. Мұнда күрделі сұхбат болды: біз осы сәтті пайдаланып қалуды және мектеп формасын тігу есебінен жергілікті тігін өндірісіне аяғынан тұрып алуды ұсындық. Әрине, барлығы да бренд өндірістің өнімін тұтынғысы келеді, бірақ осы ретте олар біздің облыста орналаспағандығын ұғыну керек. Яғни, осындай елеулі тапсырыс арқылы жергілікті отандық тігіншілер өндірістік желілерін жаңартып алса, өздерінің шеберлік деңгейін көтерсе, жергілікті жастардың құрамынан персонал жинаса, ақыр соңында, облыс бюджетіне қомақты салықтық үлес қосса жақсы емес пе?  Одан бөлек, біз жергілікті өндірушілерден жамбылдық өнімдердің экспорттаушыларын қалыптастырып шығаруымыз керек. Және мұнда да кейбір кезде патриоттық сезімдерге салмақ салуға тура келеді. Бір жақсысы, түптеп келгенде, біз мектептер мен ата-аналарды біздің бастаманың дұрыстығына көздерін жеткізе алдық. Айтпақшы, осыдан кейін, облыс тігіншілерінің мүмкіндіктерін бағалай бастаған кезде, тек тараздық қыздар мен ұлдар үшін 65 мың мектеп формасының комплектін тігіп үлгеру қажет екендігі анықталды. Ал, облыс тігіншілерінің – шағын және ірі цехтары бар 30 кәсіпорынның мүмкіндігі, ауыл тігіншілерін қайта даярлаудан өткізген жағдайда, 20 мың комплектідені аспайды екен.

– Олай болса, ұйымдастырушылық жұмыстары әлі көп деңізші...

– Оның үстіне, біз тігіншілерге ортақтасып формаға арналған матаны дайындаушыдан  сатып алуды ұсынып отырмыз, сонда, әрқайсысы жеке-жеке сатып алып, делдалдар арқылы тасығанша арзан болады. Ауыл тігіншілері қалалықтарда тағылымдамадан өтуі тиіс. Бірақ бұл тұста да кейбіреулер бәсекелестерді қаптатып қайтеміз деген қарсылықтарын білдіреді. Тұтынушылар жылдар бойы күтіп отырмайды ғой, қашан біздің тігіншілер аяқтарынан нық тұрып, байланысты нығайтады екен деп. Мысалы, бізде қырғыздың тігін өндірісінің өнімдері жақсы таныс. Міне, осылай үнемі қайта-қайта айтуға, әркімді жеке нандыруға тура келеді. Сонымен қатарласа бізде басқа бизнеспен жұмыс жүріп жатыр. Осы таяуда ғана біз жиһазшылар қауымдастығын аккредитациядан өткіздік. Әрине, біздің кәсіпкерлерді сенімді әңгімеге тарту өте қиын, олар өзара бәсекелес, әрқайсысы өз өндірісімен әуре. Бірақ біз олар бірлесе отырып өздерінің ортақ проблемаларын айтқанын және ұсыныстарын Палатаға жеткізгендерін, яғни өздерінің салалық қауымдастықтарын құрғанын қалаймыз, бірлескенде ғана біз істің шешімін табудың бірыңғай тәсілін әзірлей аламыз. Себебі облыста 67 мыңнан астам кәсіпкер бар екендігін түсіну қажет. Бұл негізінен, шағын бизнес. Бизнестің салалары ішінде пайда болатын екі жүзден астам бағыты бар. Айталық, жиһазшылар арасында біреулері мектеп жабдықтарымен айналысады, басқалары – ас үй, ал біреулер бұйымдардың бөлшектерін жеткізеді және сол сияқты. Ауыл шаруашылығы саласы да дәл сондай. Әркімнің өз ерекшелігі мен проблемалары бар, әрбір бағытты саралау үшін мамандардың саны да сонша болуы керек. Ал менің штатымда бар болғаны 25 адам бар. Бүгінгі күні көпшілік Палатаның көмектесе алатынын түсінеді және сол үшін келеді, бірақ әркім бөлек-бөлек келеді.  Өткен жылы ӨКП-на 8563 шағым келіп түсті, ал биылғы жылы, бірінші тоқсанның өзінде 6 мыңнан асты! Егер де біз демалыссыз, түнгі он-он екіге дейін жұмыс істеген күннің өзінде бәрібір де  бұл көлемді физикалық жағынан атқарып  үлгере алмаймыз. Біз қауымдастықтар құруға, бірлескен ұсыныстарды әзірлеу әдістемесімен жарақтандыруға көмектесе аламыз, олар оны Кәсіпкерлер палатасына беретін болады. Біздің ұйым барлық комиссияларға, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесшілік органдарға кіреді және салмақты дауысқа ие. Осы негізде проблемалар анағұрлым тезірек шешілетін болады. Айтпақшы, жақын арада біз тағы екі қауымдастықты аккредиттеуді жоспарлап отырмыз – туристік және тоқыма. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары да Кәсіпкерлер палатасы жанынан өздерінің бірлестіктерін құруға ықылас танытуда. Қысқасы, біздің ұранымыз бен мақсатымыз – «Біздің күшіміз бірлікте» – өз жемісін бере бастады.

– Ал, бизнесмендердің көпшілігі қандай мәселелермен келеді?

– Жұмысымыздың бір сатысында біз статистика жүргізген болатынбыз, сонда мына жайт анықталды: 8163 өтініштің тек 12-сі ғана ірі бизнестен келген, 180 – орта бизнестің атынан. Яғни, ірі және орта бизнес соңғы уақытқа дейін біздің мүмкіндіктерімізді бағамдап келді. Бірақ, соңғы кезде олардың бізге көзқарасы өзгерді, бізге құқықтық мәселелер бойынша жиі келе бастады. Бизнесмендердің сот процестерінің 80 пайызына дейіні Кәсіпкерлер палатасы мамандарының қатысуымен сәтті шешілуде. Адамдар біздің жұмыста нәтижеге бағдар тұтатынымызды көріп отыр.

– Өңірлік кәсіпкерлер палатасының әзірлемелерінің көлемі мен бағыттарының тақырыптары ғылыми-зерттеушілік әдіснамалық тірекке сүйенетіні байқалды, ал сіздердің ұйымның штатында Сіз айтқандай 25 адам ғана...

– Әлбетте, бізде Палатада жүктеме өте үлкен, кейбір бағыттармен ҒЗИ-ларда жеке басқармалар айналысады, ал бізде бар болғаны екі адам заңнамалық бастама деңгейінде қажетті материалдарды даярлауы тиіс. Жалпы, патриот еместер бізде жұмыс істей алмайды. Кейде, басқа сенетін ешкімі жоқ кәсіпкер бізден көмек сұрап келген кезде бізге моральдық жағынан да қиындау. Осыған орай орасан зор жауапкершілікті сезінеміз. Ал өтініштер мен шағымдар күннен күнге көбейіп барады. Сол себепті біз кәсіпкерлерге қауымдастықтар құруды ұсынамыз, сонда олар шешім қабылдауға өздері қатыса алатын болады.

– Сот жанжалдарына байланысты шағымдар көп пе?

– Жоқ, онша көп емес. Статистика бойынша, шағымдардың жалпы санының 7944-і экономикалық проблемаларға байланысты, 279 – түрлі құқықтық мәселелер бойынша. Қалған 132 шағым – әлеуметтік мәселелер бойынша, оның ішінде кадрлар, яғни бизнесмендер өндіріс үшін кадрлық резервтің жоқтығына алаңдаулы.

– Кәсіпкерлер өз резервіне қандай мамандарды көбірек тартуға тырысады?

– Айтпақшы, кәсіпкерлердің кадрлар жөніндегі сауалдарынан басқа бір проблема бас көтереді: шағым жасағандардың барлығы дайын, жоғары білікті мамандарға ие болғысы келеді. Бірақ оларды қайдан аламыз? Жалпы, бизнестің кез келген түрінде үнемі кадрлар жетіспейді. Біз сол жиһазшыларға, тоқымашыларға, құрылысшыларға қажетті мамандар даярлау үшін кәсіптік оқу орындарына тапсырысты өңірлік палата арқылы рәсімдеуді ұсынамыз. Бұл, тек оқу орындарының түлектеріне қатысты моральдық міндеттемелер болмаса, іс жүзінде ештеңеге міндеттемейді. Алайда, бизнесмендер даму және ең болмағанда жуырдағы 2-3 жылға ұлғаю жоспарларын құрудан қорқады. Ал, Палата оларға жан-жақты қолдау көрсете отырып, айқын жоспар жасап алуға көмектесуге дайын.

– Бір кездері басым бағыттардың бірі деп жарияланған туристік бағыт бойынша жұмыс жайында айтып берсеңіз,

– Міне, бесінші ай болды, біз басқа жобалармен қатар әкімдіктің белсенді қатысуымен Жамбыл облысында туризмді дамыту жобасын ілгерілетудеміз. Осы мақсатқа облыстық мәслихат 41 миллион теңгеден астам қаражат бөлді. Біз жылына екі рет тиісті ақпараттық, көрнекі-насихаттық қамтылуымен тақырыптық фестивальдер өткізуді жоспарлап отырмыз, бұл «Қазақ хандығының» фестивалі және қызғалдақтар фестивалі. Себебі осы гүлдердің отаны – Жамбыл облысы, атап айтқанда, Берікқара шатқалы. Туристік агенттіктермен байланысқан кезде олар көбінесе туризм нысандары туралы көмескі ақпарат беретіні анықталды. Соның нәтижесінде дәлелсіз фактілер мен жалған аңыздар пайда болады. Біз барлық нысандар үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бірыңғай шынайы аннотация дайындауды бастадық. Көрсеткіштер, брошюралар, жарнамалық материалдар әзірленетін болады. Оған қоса, облыстық мәслихат облыстық бюджеттен 250 млн. теңге бөлу туралы әкімдіктің шешімін бекітті және оған қоса «Даму» қорынан 250 млн. теңге – туристік кластерді инфрақұрылымдық дамытуға арналған жеңілдікпен несиелеу бар. Тағы бір маңызды, келешегі бар бағыт – туристік нысандарды, атап айтқанда, 48 маңызды нысанды – бизнеске сенімгерлікпен басқаруға беру. Істің мәнісі мынада, біздің тарихи объектілеріміз әлі өте көп қаражат салуды, тұрақты күтімді, абаттандыруды талап етеді, бұл үшін олар, әрине, кіріс келтіруі тиіс. Тағы да сол облыс әкімдігінің қолдауымен бірінші кезеңде ішкі туризмді дамыту жобасы басталған болатын. Әрбір аудан біздің қатысуымызбен кәсіпкерлер әзірлеген облыстың туристік маршруттары бойынша саяхатқа 20-30 адамнан тұратын топ жинады. Айтпақшы, біздің саяхатшылардың көпшілігі өз өңірінің көрнекті жерлерімен бірінші рет танысты және керемет ұмытылмастай әсер алды. Бірақ, сонымен бірге гид-экскурсоводтардың жоқтығы проблемасы айқын аңғарылды. Соның кесірінен тіпті басқа облыстарға жоспарланған турсаяхаттардың мерзімін кейінге шегеруге тура келді. Кейінге қалдырмас үшін біз турагенттіктерді, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің тарих, шет тілдері мамандықтары бойынша оқытушылар мен студенттерді ынтымақтастыққа шақырдық. Қысқа мерзімде олардан көрші облыстардан келетін қонақтарды қарсы алу үшін экскурсоводтар даярлай аламыз деп сенемін.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер