«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесте дамуға мүмкіндік жоқ, ол жай күнін көріп жүр

2015 жылғы 18 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
10264 просмотров

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты алғандағы салық саясаты» жиналысында «Қазфосфат» ЖШС бас директорының орынбасары Нұрзия Лесбекова осылай деп мәлімдеді.  

«Көпшілік өзгертулер шағын және орта бизнеске кері әсерін тигізеді дейді. Мен ірі бизнес өкілімін, және де тек кейбір түзетулердің бізге қалай әсер ететінін айтып өткім келеді. Ұсынылып отырған өзгертулерді қарап шықтым, мәселен, өндірілетін судың 1 тоннасына 1 АЕК мөлшеріндегі жерасты суына салынатын пайдалы қазбаларды өндіруге салық мөлшерлемесін орнату. Сонда, егер шағын және орта бизнес үшін 40 есе көбею орын алып отырса, мәселен, бір ғана Жаңажамбыл фосфор зауыты үшін 942 есе болмақшы. Егер су өндіруге салынатын салықтың өзі 3,5 миллиард теңгеге көбейетін болса, онда, сәйкесінше, бір тонна өнім құны 35 мың теңгеге қымбаттайды. Ал біз суды өзіміз өндіреміз, ол үшін ұңғымалар жасадық. Біздің кәсіпорындарда логистика жоқ, теңізге шығу өте ауыр. Осылайша Вьетнам және Қытаймен бәсекелесудеміз, ал енді қолымызды қысқартып отыр. Нәтижесінде бизнестің инвестициялау және даму мүмкіндігі ғана жоқ емес, аман қалуға да үміті жоқ. Қосымша, бірнеше есе өскен салық жүктемесімен бірге басқа салаларда да шығыс үстеліп жатыр – бұл еңбектің зиянды жағдайы үшін қосымша зейнетақы аударымдары мен міндетті медициналық сақтандыру. Ал бизнес өнімі өзіндік құны созыла беретін резеңке емес қой. Жалпы, бізді пайдалы қазбаны өндіруге салынатын салықтан су бойынша ғана емес, жалпы фосфаттар өндіру жөнінен де босату мәселесін алға тартқымыз келеді. Бизнеске, жалпы өндіріп жатқаны үшін, адамдарға еңбекақы төлеп, қандай да бір әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жатқаны үшін, алғыс айту керек», - деді кәсіпорын басшысының орынбасары.

«Триана-Тараз» ЖШС директоры Антонина Ан да деректер беру фукциясы бар БКМ қолдану қажеттілігінің жоқтығы жайлы және тауарларға жөнелтпе құжаттың енгізілуімен байланысты бизнесмендер алдында тұрған қиыншылықтар жайлы өз пікірін білдірді.

«Жалпы көпшілігіміз Қазақстан Республикасы аумағына импорттау және тауарлардың ел аумағының өзінде жүруі кезіндегі тауарларға ілесетін жөнелтпе құжат егізілуі төңірегіндегі маңызды мәселе жайлы ойланбайтын да шығармыз. Импорттау кезінде бұл құжаттардың қажет екеніне келісемін. Ал Қазақстан ішіндегі жүктің тасымалдануына қатысты айтар болсақ, онда заң жобасынан бұл тіркесті мүлдем алып тастау керек. Бұзулар үшін салмақты жауапкершілік енгізілгелі отырғанын білесіздер ме? Яғни салық қызметінің органдарында орындауды қадағалайтын қандай да бір құрылымдық бөлімшелер жасақталады. Олар, мәселен, жолда тұрып, тасымалдаушыларды тоқтатып, қандай жүк әкеле жатқанын, жөнелтпе құжаты бар-жоғын анықтайтын болады. Сонда бұрынғыдай көлік жүкқұжатын емес, алдын-ала салық қызметіне тапсырып қойған жөнелтпе құжатты көрсетуге тиіс боласыз. Яғни, мәселен, жүк тасымалымен 20 мың теңгенің тауарын жөнелту үшін, бухгалтеріңіз, деректерді электронды түрде жіберетін БКМ, компьютер, салық төлеушінің кабинеті болуға тиіс. Оның бәріне қаражат қажет. Және де барлық деректерді ертерек жіберіп отыру қажет, осыдан кейін, жөнелтпе құжатты салық органы қабылдаған соң ғана 20 мың теңгелік тауарыңызды апаруыңызға болады. Ал осы жөнелтпе құжат болмаған жағдайда, сізді айыппұл да, осы мүлікті тәркілеу де, жалпы толықтай қысым күтіп тұрады.

Фискалдық жадысы бар бақылау-кассалық машиналарға келер болсақ. Оларды енгізу мерзімін созу ұсынысы айтылды. Онымен келіспеймін. Деректер беретін бұл машина не үшін қажет? Салық органдарында бұл деректердің өздері келуі үшін, және де есептер жасап тұру үшін, осылайша, түйткіл туындамауы үшін қажет. Бірақ мүдделі орган оларды неге өз есебінен орнатпайды? Керісінше, олар кәсіпкерлерге аталмыш машиналарды 100 мың теңгеге сатып алуды, оған қоса айына «Қазақтелекомға» 1500 теңге абонеттік төлем жасауды артып отыр. Сонда біреулер кәсіпкер есебінен ақша таппақшы ма, түсініксіз. Салық органдары бұл деректердің не үшін қажет екенін негіздеп берсін. Олар салық төлеушінің кабинеті арқылы алынып қойды емес пе, онда сомалар, нөмірлер, күні – бәрі бар. Енді БКМ қажеті не? Оны қысқарту керек деп есептеймін. 2016 жылы сатып алу үшін, мерзімді ұзартуды қаламаймыз. Сатып алғымыз да келмейді, ол бізге қажет емес», - деп мәлімдеді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер