«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ӨКП басында – тәжірибелі заңгер

2015 жылғы 19 Қазан
- Қызылорда облысы
14773 просмотров

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасында кадрлық өзгерістер орын алды

Өңірлік кеңес мүшелерінің келісуімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының бұйрығына сәйкес Мырзалиев Дархан Жарылқағанұлы Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Дархан Мырзалиев 1976 жылғы 20 қазанда Қызылорда облысында туған. Талдықорған сырттай заң институтын (1998 жылы), сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «мемлекеттік және  жергілікті өзін өзі басқару» мамандығы бойынша бітірген (2014 жылы).

Еңбек жолын 1994 жылы Алматы қаласы Мәскеу аудандық халық сотында сот орындаушысы болып бастаған (Алматы қаласы). Бұдан соң Дархан Мырзалиев Қызылорда облысы Әділет басқармасында, облыстық сотта, Қызылорда облысы Сот әкімшілігінде қызмет еткен.

2004-2007 жылдары «Империя B.R.A.G.» ЖШС-да, «Ахметов Н.С.» Жеке кәсіпкерлігінде, «АБК Инжиниринг» ЖШС-да еңбек еткен. 2007-2008 жылдары – Заң департаменті Бақылау және қуыным жұмысы басқармасында, Жалпы әдіснама басқармасы лицензиялау мәселелері жөніндегі лицензиялау бөлімінде, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті мемлекеттік монополияларды реттеу және лицензиялау, Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті бас сарапшысы, бастығы.

2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті әкімшілік қамсыздандыру басқармасын басқарған.

2013 жылы «Казконтент» АҚ сатып алулар жөніндегі бас маман қызметін атқарған. 2013 жылғы қараша айынан бері Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары болып келген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер