«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

2016 жылғы 04 Шілде
- Ақмола облысы
16287 просмотров

Жұма күні – 1 шілдеде Кәсіпкерлердің өңірлік кеңесінің активіне және ӨКП ұжымына Палатаның жаңа директоры Еркебұлан Баяхметов таныстырылды

Еркебұлан Баяхметов 1972 жылы Көкшетау облысы Володарс ауданы Сырымбет ауылында дүниеге келді.  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Қазіргі уақытта РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы академиясының «Бизнес, эккаунтинг және құқық» және мемлекеттік қызмет MBA бағдарламасы бойынша білім алып жүр.

Әр жылдары Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жою жөніндегі агенттіктің  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, Петропавловск қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ ҚР Премьер-министрінің кеңсесінде, «Қазтеміртранс» АҚ-да жұмыс істеген.

ӨКП директоры қызметіне тағайындалғанға дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақмола облыстық өңірлік филиалын басқарды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер