«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысында 83 жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды

2017 жылғы 18 Сәуір
- Жамбыл облысы
10961 просмотров

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Жас маман–2017» бос жұмыс орынының жәрмеңкесі өтті

«Биыл М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін 59 мамандық бойынша 1579 түлек бітіреді. Жалпы, білім ордасы 60 түрлі бакалавриат мамандықтарын оқытады, мамандықтың 39 түрінен магистратура және 3-і докторантурадан. Университетте дуальді оқыту жүйесі бойынша 35 кафедра жұмыс істейді», – деп таныстырып өтті ректор Махметғали Сарыбеков.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова облыстық палатаның 41 қызметкер, оның ішінде 19 экономист, 5 заңгер, 17 бухгалтер мен қаржыгерлер, сондай-ақ журналистер мен өзге де сала қызметкерлері ТарМУ түлектері екенін атап өтті.

Іскер әйелдер кеңесі де еңбек жолын енді бастайтын жас мамандарға, студенттерге қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, ІӘК мүшесі Айнұр Заурбекова Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының жанынан Жас кәсіпкерлер кеңесінің құрылуына бастамашы болды. Өткен жылы студенттер үшін жас кәсіпкерлер мектебі ұйымдастырылып, іс-шара аясында 69 студент оқытылды. Нәтижесінде «Идеялар жәрмеңкесіне» 6 жоба іріктеліп алынып, оның үшеуіне мемлекеттік грант берілу мәселесі қаралмақ.

«Жас маман–2017» жәрмеңкесіне 83 жұмыс беруші қатысты. Олардың қатарында ірі кәсіпорындар да бар. 6000 адамды жұмыспен қамтыған «Казфосфат» ЖШС, «Еврохим» ЖШС – минералды тыңайтқыштарды шығаратын ірі өндіріс орны, шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі өндірістің толық циклын қамтитын «Тараз былғары аяқ-киім» ЖШС басшылары жастармен кездесті. Сонымен қатар, зауыттар мен фабрикалар, ғылыми-зерттеу институттары мен тур фирмалардың жетекшілері және өзге де өңірдің мекемелері жас мамандардың түйіндемелеріне қызығушылық танытты.

Сонымен қатар жәрмеңкеде, әр кафедра студенттері мен жас түлектерінің дайындаған өнімдері қойылған көрме ұйымдастырылды. Жұмыс берушілер мен түлектер арасында кездесулер өтіп, әр жас өз түйіндемесін тиісті мекемелерге тапсыру мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңкенің арқасында бүгінде университеттің 64 түлегі облыс кәсіпорындарынан шақырту алған.

Одан бөлек, жас мамандар үшін «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ мен Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері тарапынан шеберлік сыныптары өткізілді. Оқыту, дамыту және мансап орталығының жетекшісі Айнұр Заурбекова «Тиімді жұмысқа орналастыру: түйіндеме немесе сіздің тиімді ұсынысыңыз» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізсе, «Buildsvyazkom» ЖШС директоры Шахиста Мұхамеджанова болса жастарға адамның мінез-құлқын, ерекшеліктерін, қабілеттілігін анықтайтын Genetic-test тестілеуін қолданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер