«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мегаполисте «MobiEvent'19 – мобильді сервистер және төлемдер» халықаралық конференциясы өтті

2019 жылғы 12 Қыркүйек
- Алматы қаласы
5230 просмотров

Мегаполисте «MobiEvent'19 – мобильді сервистер және төлемдер» халықаралық конференциясы өтіп жатыр

 Алматыда 12-13 қыркүйекте Қазақстан және ТМД елдерінің мобильді қаржы қызметтері және төлем технологиялары нарығының ситуациясы және дамыту мәселелеріне арналған «MobiEvent'19 – мобильді сервистер және төлемдер» атты 8-ші халықаралық конференциясы өтуде.

«MobiEvent'19 – мобильді сервистер және төлемдер» – Қазақстан Республикасында алғашқы салалық оқиға, онда жылдан жылға ұлттық және халықаралық банктер, электронды төлем жүйелері, мобильді төлемдер жүйелері, ұялы байланыс операторлары, жабдық және бағдарламалық қамтамасыз ету, контент және сервис провайдерлердің көрнекті өкілдері қатысуда.

 Конферениця ашық пікірталас алаңын және мобильді және электронды сауданы, төлемдік шешімдерді, инновациялық технологияларды, сондай-ақ мобильді жарнаманы дамыту бойынша тәжірибе алмасудың мінбері форматында ұйымдастырылды.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, MobiEvent’19 іс-шараға қатысушы-компанияларға өз өнімдері және қызметтерін таныстыру, жаңа іскерлік байланыстарды жолға қою, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және ТМД елдеріндегі келешекті нарықтарда бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндіктерді ашады.

 «MobiEvent'19 – мобильді сервистер және төлемдер» 8-ші халықаралық конференция шеңберінде кәсіпкерлерге қаржылық сауаттылықты үйрету бойынша панельдік сессия өтті.

 Панельдік сессия барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы, Visa және Қазпочта бизнесті цифрландырудың және қолма-қолсыз төлемдердің артықшылықтары туралы айтты.

 «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобаларының Алматы қаласындағы  жетекшісі Қуанышбек Ерниязов атап өткендей, оңтүстік астанада, басқа өңірлерден гөрі бастауыш кәсіпкерлердің өзі қолма-қолсыз төлемдерді белсенді қолданады.

 «Бірінші кезекте түлектерімізді жаңа технологияларды пайдалану, барлық төлемдерді уақытында орындау арқылы бизнесті ашуға бағыттаймыз. Курстар барысында бизнес-тренерлеріміз цифрлық төлемдер, сатып алу және Қазпочта франшизасын пайдалану шарттарының артықшылықтарын түсіндіреді», – деді ол.

 Қуанышбек Ерниязовтың айтуынша, осы жылдың шілде айында «Жас кәсіпкер» құрауышымен «Бастау» бағдарламасы бойынша оқу басталды.

Жылдың аяғына дейін «Бастау» жобасы бойынша 7750 адамды, соның ішінде «Жас кәсіпкер» жобасымен 2650 жұмыссыз және тиімсіз жұмыспен қамтылған жасты оқыту жоспарланған.

 Сонымен қатар Алматы қаласы әкімдігінің «Атамекен» ҚР ҰКП қатысуымен әзірленген «Almaty business -2025» бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламасы шеңберінде  «Кәсіп алаңы»  бір күндік мотивациялық курстар басталды. «Кәсіп алаңы»  курсына 80 мың алматылық қатысады деп күтілуде.

 Естеріңізге салсақ,   «Атамекен» ҰКП, «Қазпочта» АҚ және Visa «Жас кәсіпкер» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасы шеңберінде серіктестік туралы хабарлады. Жоба ұйымдастырушылары биыл 75 мың кәсіпкерді оқытуды жоспарлап отыр.

Бұл бастама «Қазпочта» АҚ және Visa компаниясының «Қаржылық табыстылыққа қарапайым қадамдар» атты жобасының жалғасы, оның шеңберінде 2017 жыл қарашадан 2018 жыл ақпанға дейін оқуға еліміздің 14 ірі қаласынан 15 мыңнан астам қазақстандық қатысты.  Компаниялардың тренерлері кіріс пен шығысты бақылау әдісімен бюджетті сауатты жоспарлау, төлем карталарының мүмкіндіктерін оқытты, сонымен қатар онлайн режимінде сатып алу, төлемдер мен аударымдар үшін карталарды қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелерімен бөлісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер