«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Импортты алмастыру жөніндегі кеңес: билік пен бизнестің диалогы

17 Қаңтар 2020
2582 просмотров

Қазақстанда Импортты алмастыру жөніндегі кеңес құрылады. Жаңа салалық органның құрылуын брифинг барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов хабарлап, экономиканың шикізаттық емес өндірістік секторының өсуіндегі Кеңестің маңызды рөлін атап өтті

«Атамекен» ҚР ҰКП базасында салалық ұйымды құру идеясын Alageum Electric жетекшісі Сайдулла Қожабаев өзінің жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік желілерде таратқан бейне үндеуінде ұсынған болатын. Айта кетелік, бизнесменнің кандидатурасы Кеңестің төрағалығына ұсынылды.

 «Ірі өндірушілік кәсіпорынның жетекшісі бола отырып, мен өндіруші болудың қандай екенін білемін. Сонымен қатар ел экономикасы үшін индустрия дамуының маңызын түсінемін. Сондықтан Мемлекет басшысының ұсынысын толығымен қолдаймын. Бүгінде елдің нақты, шикізаттық емес секторын дамытуға барлық жағдайлар жасалған. Үкімет ары қарай да ұзақ мерзімді әрі қысқа мерзімі қаржыландыруды ұсыну, сонымен қатар шығарылған өнімді экспортқа шығаруға атсалысуға дайын. Қазір бизнес тарапынан бастама ғана қажет», – деді Сайдулла Қожабаев.

 Кеңестің негізгі міндеттерінің арасында – Үкімет алдында импортты алмастыру бойынша тиімді ұсыныстарды әзірлеу мақсатында өңдеу өнеркәсібі және АӨК саласында табысты кәсіпорындардың тәжірибесін біріктіру.

 «2016 жылдан бастап өңдеу өнеркәсібі тауарларының импорт көлемі 36%-ға өсіп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 30 млрд АҚШ долларын құрады. Тұтынушылық тауарлардың төрттен бір бөлігі – импорттық өнім», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

 Кеңес алаңында бизнес-қоғамдастық уәкілетті мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп, жергілікті қамтуды және реттелетін сатып алу жүйесін, кедендік-тарифтік саясаты, техникалық реттеу, шикізат базасын дамыту, инфрақұрылымдық даму, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі дамуына байланысты басқа мәселелерді талқылайтын болады.

 Бүгінгі таңда бизнес өкілдермен бірлесіп, жиһазға арналған 20-ға жуық инвестициялық жоба әзірлену үстінде, атап айтқанда: 

- жиһазға арналған ДСП/ДВП,

- тығын арматурасы,

- пластик өнімдері,

- ет, түрлі өнімдер

- химиялық заттар және т.б.

Аталған жобалар жуық арада ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Импортты алмастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында таныстырылатын болады. Жобалар жекелген жол карталарын әзірлеу арқылы жүзеге асырылады, жол карталарда қажетті қолдау шаралары (мысалы, жеңілдікпен несиелеу, Самұрық-Қазына қорының офтейк-шарттары және т.б.), бизнес міндеттемелері, жауапты мемлекеттік органдар, мерзімдер көрсетіледі.

 Брифингті қорытындылай келе, спикерлер Импортты алмастыру жөніндегі кеңестің жұмысы Үкімет пен бизнестің бірлескен жұмысының қисынды жалғасы болатынын, жеңілдікпен қаржыландырудан бастап әр жоба бойынша сату нарықтарын кеңейтуге дейін бизнес-бастамаларды қолдау жүйесін құруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

  


Серіктестер