«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысында сұлулық салондары, жазғы кафелер мен құрылыс базарларының жұмысы қайта жанданады

2020 жылғы 18 Мамыр
- Жамбыл облысы
5981 просмотров

2020 жылы 19 мамырда Жамбыл облысында карантиннің жеңілдетудің үшінші кезеңі күшіне енеді.

Бірқатар облыстарда коронавирустық инфекциялар санының күрт өсуіне байланысты, сондай-ақ аймақтағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Жамбыл облысының жедел штабы карантиндік шараларды тек ішінара жеңілдету туралы шешім қабылдады.

Атап айтсақ, мыналардың жұмысына рұқсат етіледі:
- монша кешендерінен тыс шаштараздар мен сұлулық салондары (алдын-ала жазылу бойынша). жұмыс уақыты 10.00-ден 18.00-ге дейін);
- жазғы алаңы бар, ашық аспан астында жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану орындары (сыйымдылығы 30 адамнан аспайтын). 10.00-ден 20.00-ге дейін;
- құрылыс материалдары мен тұрмыстық тауарларды сату базарлары. 7.00-ден 17.00-ге дейін;
- қонақ үйлер.

Сондай-ақ, ертеңнен бастап Тараз қаласы аумағында орналасқан түлектерді ҰБТ-ға дайындау бойынша оқу орталықтарының қызметіне рұқсат етіледі.

Жоғарыда аталған кәсіп түрлерінің жұмысын қалпына келтірудің міндетті шарты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау болып табылады. Мұны арнайы мобильді топтар қадағалайтын болады.

Облыс тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ инфекцияның жоғары қаупіне байланысты қоғамдық көліктер тоқтатылған болатын. Қазіргі кездегі қалыптасып отырған эпидемиялық жағдай маршруттық автобустардың жұмысын қайта жандандыруға мүмкіндік бермеуде. Облыс тұрғындарынан бұған түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Аталған жеңілдіктер COVID-19 таралу ошақтары бар Қордай, Байзақ және Жамбыл аудандарынан басқа облыстың барлық аумағында қолданылады.

Облыс пен Тараз қаласының периметрі бойынша автожолдарда, коронавирус ауруы анықталған елді мекендерде карантиндік шаралар алынып тасталғанша блок-посттар өз жұмысын жалғастыратын болады. Тұрғындардың қозғалысы да шектеулі күйінде қала береді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер