«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Елдегі энергия қуатының 6%-ы жаңартылған энергия көздеріне тиесілі

2022 жылғы 28 Қараша
7423 просмотров

Қазақстанда жиынтық қуаты шамамен 2955 МВт құрайтын жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) 130 нысаны жұмыс істейді. ЖЭК үлесі елдің энергия теңгеріміндегі белгіленген қуаттың 6%-ын құрады.

ЖЭК секторына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1 триллион теңгеден асты.

«Аукцион арқылы сауда-саттықты енгізу неғұрлым үнемді жобаларды іріктеуге негізделген жобаларды бәсекеге қабілетті іріктеудің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берді. Инвесторлардың жоғары белсенділігі мен жүйенің ашықтығы ЖЭК электр энергиясына бағаның төмендеуіне алып келеді», – деп атап өтті «Атамекен»  ҚР ҰКП базалық салалар департаментінің директоры Дінмұхаммед Құдайбергенов.

Баға  төмендеуінің бір мысалы – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясын салудың жоспарлануы. Сауда-саттық кезінде жеңімпаз компания электр энергиясының бағасын ҚҚС есептемегенде кВтсағ үшін рекордтық 12,99 теңгеге дейін төмендетті. Сауда-саттыққа жалпы 10 үміткер қатысты. Энергетика министрлігінің деректері бойынша аукциондық бағаның төмендеуі 39,7%-ды құрады. 2018-2022 жылдар кезеңінде өткізілген аукциондар нәтижелеріне жүргізілген мониторинг бұл жел электр станциясын өндіру үшін ең төмен аукциондық баға екенін көрсетеді.

 ЖЭК-тің басқа көздері бойынша сауда-сатық кезінде мынадай рекордтар орнатылды: күн электр станциясының жобасы бойынша 2019 жылғы қыркүйекте кВтсағ үшін 9,9 теңге және су электр станциясының жобасы бойынша 2018 жылғы мамырда кВтсағ үшін 12,8 теңге белгіленді. Өткізілген сауда-саттықтың барлық дерлік нәтижелері жалпыға қол жетімді ресурстарға жарияланды.

2017 жылдың шілдесінде ЖЭК-ті қолдау туралы заңда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық механизмін енгізу мақсатында өзгерістер енгізілді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысқысы келетін инвесторларға ЖЭК технологиялары бойынша: күн, жел, гидро және биостанциялар бойынша аукциондық бағалардың шекті шамаларының бәсекелестік деңгейлерін берді.

 «Аукциондық сауда-саттықты енгізгенге дейін Қазақстанда жаңартпалы энергетиканы мемлекеттік қолдау механизмі болды. Қолдау жаңартылатын энергия көздері өндіретін барлық электр энергиясын белгіленген тарифтер бойынша орталықтандырылған кепілдендірілген сатып алуға негізделген. Бұл қолдау жаңартылатын энергия көздері өндіретін барлық электр энергиясын белгіленген тарифтер бойынша орталықтандырылған кепілдендірілген сатып алуға негізделген. Қазіргі кезде ЖЭК – Қазақстанда толыққанды жеткілген нарық. Мың адам еңбектеніп жатқан жекелеген сала. Жүздеген инвестор Қазақстан экономикасына миллиардтаған доллар құйды. Мұның бәрі  10 жыл бойы түсінікті, ашық, бәсекелестік шарттарда жетілідірілген заңнама наижесінде жүзеге асырылды», – деді спикер.

 Qazaq Green қауымдастығының деректері бойынша 2018 жылдан бастап  Қазақстанда жаңартпалы энергия көздері жобаларын іріктеу үшін аукциондық сауда-саттық механизмі  іске қосылды. Соңғы бірнеше жылда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың іске қосылған транспаренттік механизмінің көмегімен сектор айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді: 130 нысан жұмыс істейді және 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Осы уақыт ішінде аукциондық сауда-саттыққа әлемнің 12 елінен 196 компания қатысты. Халықаралық қоғамдастық, оның ішінде IRENA, ЕҚДБ, АДБ, АДБ, БҰҰДБ-ЖЭҚ, USAID сияқты халықаралық ұйымдар аукциондық механизмді ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша сенімді, ашық және әділ алаң ретінде таныды.

2018-2022 жылдар аралығында жалпы қуаты 1445,7 МВт 77 аукцион өтті. Жобалардың басым бөлігі жел электр станцияларына тиесілі. Жаңартылатын көздерден жалпы қуаты 424,5 МВт дейін электр энергиясын өндіретін 19 станция пайдалануға берілді.

 

ЖЭК қолдау бойынша «РФЦ» ЖШС деректері бойынша

2050 жылға қарай ЖЭК жобаларының жаһандық энергетикалық теңгерімдегі үлесінің артуы 35%-ға жетеді деп күтілуде. Қазақстанда бұл үлесті 2035 жылдың соңына қарай 23% -ға дейін ұлғайту көзделген  (ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша). Сонымен қатар, ЖЭК маңызы Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағдарламалары және өнеркәсіптік кәсіпорындарды декарбонизациялаудың жекелеген корпоративтік жобалары шеңберінде қажеттілігі арта түседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер