«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық палата агро саланың дамуын талқылау үшін сарапшыларды шақырады

2023 жылғы 26 Мамыр
6060 просмотров

Ұлттық палата алаңында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Дүниежүзілік банк және аграрлық сектор өкілдері Қазақстан Республикасында Agritech және GreenTech бағытын дамытудың алдағы 10-20 жылға арналған басымдықтарын айқындау жөніндегі жұмыс жоспарын талқылады.

Дүниежүзілік банк өкілі Елена Шевченко бұл жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы технологиялық саясат жөніндегі кеңестің тапсырмасы бойынша іске жатқанын айтты. Өндіріс үшін басым бағыттарды, негізгі өнімдер мен технологияларды айқындау мақсатында қолға алынып жатыр. Оларды игеру елдің тұрақты инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып отыр. Оның қорытындысы Қазақстанда АӨК-ті дамытудың мемлекеттік стратегиялары мен бағдарламаларын қалыптастыру үшін негіз болады.

 Сондай-ақ, спикер объективті және жан-жақты зерделеу мақсатында жұмысқа сарапшылар, ғылыми қауымдастықтар, сондай-ақ аграрлық сектор мамандары тартылатынын атап өтті.

Осы жұмысқа қатысуға мүдде танытсаңыз, Дүниежүзілік банк өкілі Шевченко Елена Валериевнаға ұялы телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз +7 701 338 9004 email: yelenashevchenko@gmail.com.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер