«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда көз линзалары шығарылады

2023 жылғы 08 Желтоқсан
- Алматы қаласы
5624 просмотров

Оңтүстік астанада бірегей технология бойынша көзге арналған линза шығаратын зертхана ашылды.

Линза өндіруге арналған шикізат Ұлыбританиядан жеткізіледі. Contamac компания әлемдегі ең ірі тәуелсіз контактілі линза материалдарын өндіруші және жоғары технологиялық полимерлер мен биоүйлесімді медициналық қолдану материалдарын әзірлеудегі жетекші инноваторы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде ең кемі 2,2 миллиард адам жақын немесе алыс көру қабілетінің бұзылуынан зардап шегеді. Қазақстанда 160 мың зағип және нашар көретін адамдар тұрады, олардың 20 мыңы – көру қабілеті мүлде нашар адамдар. Қазіргі уақытта «Қазақ зағиптар қоғамында» 17 мыңнан астам адам есепте тұр.

«Окей Вижен» компаниясының басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Ресей ұлттық оптометристер қауымдастығының» президенті Александр Мягков зертхана үшін Алматы қаласы кездейсоқ таңдалмағанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл Қазақстан мен Орта Азияда өндірісті бастау үшін ең жақсы локация.

 «Біздің өнім Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан офтальмологтарының оң бағасын алған. Линзалар көру қабілетін емдеуде және түзетуде бұрыннан қолданылып келеді. Орта Азия тез дамып келеді және Алматыда өндірісті ашу барынша орынды шешім болды. Бұл жерде өнімді елге және көрші аймақтарға қажет көлемде жасау ыңғайлы. Мегополистің орналасқан жері инновациялық линзаларды көрші елдерге жеткізуді жеңілдетеді», – деді Александр Мягков.

Өндіріс Алматыда іске қосылды және зертхананың техникалық персоналы оқудан өтті. Білікті мамандар-дәрігерлер, офтальмологтар, инженерлер тобы жиналды. Зертхананың ашылуында «Окей Вижен Казахстан» ЖШС директоры Диляра Әлиева еліміздің офтальмология саласындағы осындай жетістігімен мақтанатынын айтты.

 «Біз жұмысты көз институты базасында 2017 жылы бастадық. Ол кезде қолымызда қажетті жадқы, білім, білік болмады. Содан алғашқы қадамдарды жасай бастадық. Шетелге шығып, білі жинадық», – деді Диляра Әлиева.

ЖШС директорының айтуынша, олар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азияда да қатты линзалар шығаратын алғашқы зертхананы ашуға қол жеткізді.

 Қазір зертханада ғылыми қызметкерлер мен технологтар қатарынан 15-тен астам адам жұмыс істеп жатыр

 Газ өткізгіш контактілі линзалардың беткі қабаты гидрофильді. Бұл артықшылық линза киген кезде жайлылықты сыйлайды. Contamac Ltd компаниясы линзалардың беткі қабатына  ерекше сулану және үйкеліс коэффициентін төмендететін компоненттерді қолданған. Газ өткізгіш контакт линзалар үшін Tangible Hydra-PEG беттік жабыны әзірленді және сәтті қолданылды.

Ашылу салтанатында ұлыбританиялық Contamac компаниясының ғылыми кеңесшісі Мартин Конвей контак линзалардың газ өткізгіштігін атап өтті, яғни оттегі линзалар арқылы көзге өтеді.

 «Линза тағылатын көз қабығын өздігінен суланбайды, өйткені оттегіні сырттан – ауадан алады. Сондықтан көз қабығына линза тақылғанда көз және көз қабығы арасында кедергі пайда болады, көзге ауа бармайды. Біз көзді демалдыратын линзаларды ойлап тапттық», – деді Мартин Конвей.

Ұлыбританиях компанияның бас кеңсесі Англияның Сафрон-Уолденде орналасқан, өндіріс ең соңғы үлгідегі жабдықпен қамтылған.

«Мұның бәрі бізге клиенттердің талаптарына сәйкес бірегей офтальмологиялық формулаларды жасауға, сондай-ақ жаңа био материалдар мен технологияларды жасау үшін кең ғылыми қауымдастықпен ынтымақтасуға мүмкіндік береді», – дейді ұлыбританиялық компанияның өкілі.

Нарықтағы стандартты линза халықтың шамамен 60-65%-на сәйкес келеді, өйткені әр адамның қасаң қабығы ерекше. Инновациялық контакті линзаларды жеке өндіру зертханасы көптеген науқастың проблемасын шеше алады.

 «Алматыда ересектердің де, балалардың да көру қабілетін жақсарту үшін емдік линзалар өндірісі іске қосылды. Бүгін біз зертхананы көрдік, линзалар жасау процесімен таныстық. Процесс автоматтандырылған. Зертхананың іске қосылуы отандық медицина үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының Алмалы филиалының директоры Темірлан Мәдиев.

Палата өкілі өңірлік палата жанынан денсаулық сақтау жөніндегі салалық кеңес жұмыс істейтінін, онда медицинаны дамытудың өзекті мәселелері көтерілетінін айтты. Ол зертхана мамандарын салалық кеңестің мүшесі болуға шақырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер